Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қортындысы бойынша 2022 жылдың 27 маусымдағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама
Аққыстау ауылы 27.06.2022 жыл
Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2022 жылғы 23 маусымдағы №35-ө бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтар мен 20 маусым аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 23-24 маусым күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы:
Топ басшысы:
Топ мүшелері:
3.Р.Б.Бисен– экономика және бюджеттік жоспарлау, коммуналдық мүлікті түгендеу, басқару және заңды тұлғалармен жұмыс жасау секторының бас маманы;
«Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:
мүлік туралы заңы;
қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
№511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы ережесі.
Ішкі талдаудың бағыттары:
Ішкі талдау анықтамасы бойынша - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мемлекеттік мекемелерден бюджеттік өтінімдерді қабылдау электронды түрде жүзеге асса, бюджетті жоспарлау бойынша тиісті интеграцияланған база жасақталып нормативтік-құқтық актілерде және бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мүмкіндігі артатындығы туралы ұсыныс етіледі.
Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Бөлімнің құрылымы, штат саны аудан әкімімен бекітеді, 1-бөлім басшысы, 2-құрылымдық сектор меңгерушісі, 4-бас маман. Бос ваканттың орнына қызметкер алу жалпы және ішкі конкурсты өткізу аудан әкімі аппаратының кадр бөлімімен өткізіледі. Бөлімде кадрлардың жиі ауысуы, сотталған және айыппұл алған мемлекеттік қызметкер жоқ;
2) Мүдделер қақтығысы-2022 жылдың 20 маусым жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;
3) Мемлекеттік қызмет көрсету - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес тиісті мамандарға бір жолғы жәремақы мен тұрғын үй алу үшін кредит беру қызметтерін көрсетеді.
4) Рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;
5) Бөлімде бақылау функциялары іске асырылмайды;
6) Бөлімде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер де жоқ;
7) Бөлімге 2022 жылдың 7 сәуір - 20 мамыр аралығында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы аудит жүргізді;
8) Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ;
9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;
10) Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;
11) Сот актілері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Жұмыс тобы ұсыныс етеді: мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін болдырмау үшін жұмыс бағытында тиісті нормативтік-құқықтық актілермен уақтында танысып, қызметкерлердің біліктігін көтеру жұмыстарын жетілдіру.
Жұмыс тобы:
_________________ Е.Н.Махашов
_________________ А.Б.Габдиева
_________________ Р.Б.Бисен
_________________ Ж.С.Кадырова
Келісілді:
Исатай аудандық экономика
және қаржы бөлімінің басшысы _______________ А.О.Сапаева