«Исатай ауданының Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың І жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша талдау анықтамасы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 - бабына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығының талаптарын орындау мақсатында Исатай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 1 өкімімен бекітілген «Исатай ауданының Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылды.
Осы өкімге сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нормативтік-құқықтық актілерде және мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 05.01.2022 - 30.06.2022
жылғы кезеңдері аралығында жүргізілді.
Атап айтқанда, аталған мерзім аралығында округ әкімімен 11 шешім, 71 өкім қабылданды. Қабылданған актілер бойынша заң бұзу фактілері анықталған жоқ.
1) персоналды басқару
Бекітілген штаттық кесте бойынша 5 мемлекеттік әкімшілік қызметші (1 - әкім ,1 - құрылымдық бөлімше басшысы, 3 - бас маман).
Бұқаралық ақпарат құралдарында округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
2) мемлекеттік қызмет көрсету:
Ауылдық округі әкімі аппаратына есепті мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен арыздар саны - 1. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексі 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді. Барлық өтініштер осы заңға сәйкес уақытылы қаралып, жауабы өтініш иелеріне жазбаша хабарланды.
Мекемеге түскен кіріс және шығыс құжаттары электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне енгізілуі арқылы уақытылы жүргізіліп келеді.
«Egov.kz» порталы арқылы 16 бағыт бойынша тұрғындарға – 155 электрондық цифрлық қолтаңба алынып, басқалай 384 қызмет көрсетілді.
3) рұқсат етілген және бақылау функцияларын жүзеге асыру:
2022 жылдың көктемгі әскерге шақырушылар саны - 24 адам. Оның ішінде 14 «Е-лицензия» ақпараттық жүйесіне тіркелген. Шақыру қағаздары уақытылы таратылып, округтің құрылымдық бөлімше басшысы мен учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, көктемгі әскерге шақырылушыларға Қазақстан Республикасының заңдарындағы нормаларға сәйкес, түсінік жұмыстары жүргізіліп, округ бойынша 2 сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге кетті.
2022 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздарға тіркелгендер саны - 35. Ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданғандар саны - 27 адам.
Исатай ауданының Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Жұмыс тобының құрамы:
М.Тимралиева
Р.Мангибаева
Келісілді: А.Ж.Ғұбаш