«ІСКЕР АНА» ЖОБАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛЫНАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

«ІСКЕР АНА» ЖОБАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІН  МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК

САТЫП АЛЫНАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Талап етілетін сипаттамалардың, параметрлердің және өзге де бастапқы деректердің сипаттамасы

Конкурстық өтінімнің бір бөлігін құрайтын және көрсетілетін әлеуметтік қызметтің сапалық және техникалық сипаттамаларын көрсететін құжаттар әрбір лот бойынша жобалар түрінде берілуі және келесідей ақпараттардан тұруы тиіс:

1.      Ұйым миссиясының таңдап алған бағыттағы жұмыстарының негіздемесі (лот атауының ұйым қызметінің бағытына сәйкестігі), жоба бойынша қызметінің тәжірибелік маңыздылығы мен рөлі;

2.      Лот тақырыбына сәйкес мәселелік аймақты зерделеу (қалыптасқан жағдай бойынша), ұсынылып отырған мәселені шешу жолдары, оның ішінде отандық және халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып;

3.      Әлеуетті өнім берушінің жобадағы қызметі бойынша жетістікке жетудегі нақты мақсаты (мақсаттары) және негізгі міндеттері;

4.      Жобаны жүзеге асыру механизмі, оның ішінде тапсырыс тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары (іс-шараның атауы мен нысаны, формасы, нысаналы топ, өткізілетін мерзімі, елді мекенді, халықтың қамтылуын көрсете отырып, өткізілетін жері);

5.      Жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер;

6.      Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар үшін жобаны орындау қорытындысы бойынша нақты ұсынымдар;

7.      Шығындар сметасы жобаны іске асыру кезеңдеріне сәйкес шығындардың барлық түрлерін егжей-тегжейлі сипаттаумен жасақталған конкурстық бағалық ұсынысты сұратқан кезде бағалар кестесімен беріледі.

8.      Жобаны жүзеге асыру қорытындысының тиімділігін бағалайтын өлшемді критерийлері;

9.      Жобаны жүзеге асыру барысында жоғары білікті мамандарды тарту мүмкіндігі;

10.  Бюджеттен тыс қаражат көздерін тарту мүмкіндіктері туралы мәліметтер (сандық және пайыздық тұрғыда);

 

Жобада міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс шаралар:

Көп балалы, жалғыз басты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік аз қамтылған  аналарды оқытуға, өз ісін ашуға, кеңейтуге бағытталған «Іскер ана» жобасын жүзеге асыру

«Іскер Ана» жобасының сайтын ашу және 2022 жыл ішінде оны ақпараттық ілгерлету жұмыстарын (жоба туралы толық ақпарат, хабарландырулар, ережелер т.б.) ұйымдастыру.

 Жобаға аудан бойынша 40 ана  қамтылуы қажет.

Жоба 2 кезеңнен тұрады: 1ші-тренинг ұйымдастыру, 2 ші-аналарды оқыту. Жобаның 2 кезеңі аудан орталығында және кейбір курстар егер қажет болған жағдайда ауылдық округтерде  де ұйымдастырылуы қажет.

 

1 кезең: 3 бағытта тренингттер өткізу

Әр қатысушыға Психологиялық тренингттер;

Заманауи маркетингтік сабақтар өткізу (Instagram желісінде онлайн магазиндер ашып, тауарлармен қызметтерді сатуды үйрету және оқу бағдарламасында ebay.com, amazom.com aliexpress.com секілді әлемдік сауда алаңдарына тіркеліп, онлайн сауданың негіздерін үйрету);

Кәсіпкерлік дағдыларын оқыту;  жобаларын дайындауда мастер кластар өткізу

    Тренинг қатысушыларына сертификаттар табысталуы қажет.

Тренинг сабақтарын білікті, арнайы сертификаттары бар  мамандар (тренерлер) өткізу қажет (растайтын құжаттарды қамтамасыз ету)

Тренинг өткізудің форматын, ережесін жасақтау (тапсырыс берушімен бекіту);

Әр тренингтің өткізу уақыты 45 минуттан кем емес, қажетті концеляриялық өнімдерді қамтамасыз етумен өткізілу қажет.

 

2ші кезең:  5 түрлі оқу курстарын ұйымдастыру, жобада тігін ісі, аспаздық, шаштараз, сән-салон мастерлері (маникюр, визажист,қас, кірпік өсіру), массаж бағыттары бойынша 5 күндік оқу курстарын ұйымдастыру.

Оқу курстары лицензиялы немесе аттестатталған оқу орталықтарымен (оқу орындармен) келісім шарт негізінде ұйымдастырылу қажет.

    Оқу курстарына Тренингтен өткен қатысушы қатысу керек.

Аналардың таңдауына қарай оқу курстарына жолдама беру

Аналардың оқу курстарына қатысуын қадағалау.

Оқу орталықтары материалды-оқыту базасымен қажетті құжаттары толық болуы міндетті. Оқыту базасы кемінде күніне 15 жобаға қытысушыны оқыту мүмкіндігі болуы қажет.

Оқу ұйымдары білім беру қызметін мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттардың  талаптарына сәйкес жүзеге асыру керек.

Оқуға керекті құрал- жабдықтар тегін ұсынылу керек.

Оқу курстарын сабақтарын білікті, арнайы сертификаттары бар  мамандар өткізу қажет.(дәлелді құжаттарын ұсыну)

Жобаға қатысушылардың дерегін жасақтау.

    Әлеуметтік желілерде 2 кезең бойынша атқарылған жұмыстар туралы үнемі ақпараттар орналастырып отыру;

  БАҚ-та жоба бойынша ақпараттық сүйемелдеу жүргізу, телеарнада

бейнесюжет көрсету.

Орындаушы жеңімпаз деп анықталған жағдайда әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (Әлеуетті өнім берушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені үшін қабылдамауға жол берілмейді)

1.ҚЫЗМЕТТІҢ СИПАТТАМАСЫ.

         Атырау облысы бойынша көп балалы, жалғыз басты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік азқамтылған  аналарды оқытуға, өз ісін ашуға, кеңейтуге бағытталған «Іскер ана» жобасын жүзеге асыру.

        «Іске Ана» жобасының сайтын ашу және оны ақпараттық ілгерлету жұмыстарын ұйымдастыру.

      Қызмет көрсету орны – Исатай ауданы;

       Өту мерзімі – 2022 жылдың  келісім-шартқа отырған күнінен бастап                       қараша, желтоқсан айларында.

      Жоба аясында тұрғындардың жалпы қамтылуы 40 адамнан  кем емес.

 

2.ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

 

Шара қатысушылары болуы керек: 18 және 50 жас аралығындағы Исатай ауданының тұрғындары (көп балалы, жалғыз басты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік аз қамтылған  аналар).

Қызметтер сапасына қойылатын талаптар: қызметтер сапасына қойылатын негізгі талаптар қызмет көрсетудің толық циклын қамтамасыз ету, қызметтерді тұтынушылардың ақпараттануы мен қанағаттануы, қызметтерді тұтынушылардың қамту дәрежесі, практикада қолданылуы болып табылады.

Орындаушы қызмет көрсету процесін ұйымдастыру үшін дайындық жұмыстарын, тікелей қызмет көрсетуді, іске асыратын қызметтің ішкі мониторингін қоса алғанда, қызмет көрсетудің толық циклын қамтамасыз етеді.

Шараның жабдықталуы: жоба бойынша барлық ұйымдастыру-практикалық іс-шаралар үшін визуалдық ақпарат нысандары әзірленуі керек (баннерлер, кермелер,  және т.б.). Визуалдық ақпараттың көлемі, әрленімі міндетті негізде Тапсырыс берушімен келісілуі тиіс.

Жоба бойынша барлық іс-шаралар кемінде 1 бұқаралық ақпарат құралында (Қазақстан Республикасында және Атырау облысында таратылатын қағаз және интернет ресурстарда) орналастырылуы тиіс, соның ішінде кемінде 5000  тіркелушісі (оқырманы) бар 2 әлеуметтік желіде.

Жоба бойынша барлық іс-шараның  тақырыбына әдістемелік және имидждік материалдар әзірленуі, шығарылуы және таратылуы тиіс.

Әзірленген әдістемелік және имидждік материалдар міндетті түрде Тапсырыс берушімен келісілгеннен кейін ғана шығарылады. тиіс.

Потенциалды жеткізуші (Орындаушы) іс-шараны өткізу барысында іс-шараның әр кезеңін фото және видеоға түсіруге міндетті.

Қызмет көрсету барысында әзірленген, қолданылған барлық материалдарға құқық (интеллектуалдық меншік) Тапсырыс берушіге тиесілі.

Іс-шараны өткізу орнына талап: әрбір іс-шараны өткізу орны техникалық жабдықпен жабдықталуы тиіс (мультимедиалық және дыбыстық құралдар және т.с.с.), іс-шара жоспарын бекітерде, орналасқан жері мен сыйымдылығы міндетті түрде Тапсырыс берушімен келісілуі және бектілуі керек.

Іс-шараларға қатысушыларға арналған кофе-брейкке талап: тағамдар әр қатысушаға есептелуі тиіс, ішінде әр адамға есептелген сусын, тіскебасар, піскен нан өнімі болуы тиіс.

Іс-шаралар жоспарына талап: қызмет көрсету туралы келісімшарт күшіне енген күннен бастап (қазынашылық органдарда тіркелгеннен кейін) ҚР қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартында көрсетілген талаптарды ескере отырып, 10 (он) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге бекіту үшін жазбаша нысанда әзірлеуге және келісуге ұсынуға міндетті: іс-шаралардың атауын, іс-шаралар мақсатын, іс-шаралардың нақты өткізу күнін көсете отырып (айдың он күндігі) іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын, қатысушылардың сандық және сапалық құрамын, іс-шаралардың өту орындарын, шығарылатын тарату материалдарының санын, әр іс-шараға жеке сценарий,  тартылатын мамандардың тізімі (растайтын құжаттарды қоса бере отырып).

Тапсырыс беруші іс-шара жоспарын Потенциалды жеткізушіден алған күннен, бастап 10 (он) күн ішінде қарауға және бекітуге немесе потенциалды жеткізушіге берілген  іс-шара жоспарын қайта қарау үшін жіберуі тиіс.

Жеткізуші Тапсырыс берушімен келісілген іс-шаралар жоспарына сәйкес қызмет көрсетеді.

Іс-шаралардың өткізу уақыты өзгерген жағдайда Потенциалды жеткізуші (Орындаушы) іс-шараның өтуіне 3 (үш) күннен кеш емес уақытта Тапсырыс берушіге сәйкес өзгерістер туралы хабарлауы тиіс. Егер аталған келісімдер көрсетілген мерзімде орындалмаса, Потенциалды жеткізуші бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес күні іс-шараны өткізуі тиіс.

Қаржылық операциялар жүргізуге талаптар: Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерді үшінші тұлғаларға беруге болмайды.

Іссапар шығындарын төлеу бойынша қызметтерді үшінші тұлғаларға беру рұқсат етілмейді.

Жоба аясындағы іс-шараларды өткізу бойынша шығындарды өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында бөлінген қаржы есебінен бірге қаржыландыруға рұқсат етілмейді.

Іс-шараның қатысушыларына жүлде, сыйлық немесе өзге өнімдерді берген кезде Жеткізуші Тапсырыс берушіге өнім атауы, алушы (Т.А.Ә., байланыс телефоны, жеке куәлік көшірмесі) және алушының қолы көрсетілген өнімдерді тарату туралы актты ұсынады.

Іс-шараға қатысушыларға тамақ беру ұйымдастырылған жағдайда (кофе-брейктер, ресми түстену, кешкі астар) Жеткізуші Тапсырыс берушіге фото және видеоматериалдарды ұсынады.

Жүргізілген жұмыс туралы қаржылық есептер мен толық ақпарат қызмет көрсетілгеннен кейін ұсынылады.

Рұқсат етілген шығындар: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 Қаулысымен бекітілген мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеге, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес.

іс-шараны өткізу орнын жалдау; баспахналық шығындар; кеңсе шығындары; жарнамалық өнімдер, соның ішінде видеоөнімдерді дайындау; іссапарлық шығындар; режиссерлік-қойылымдық топ шығындарын төлеу; іс-шараның салтанаты ашылуын және жабылуын материалдық қамтамасыз ету (реквизиттерді, костюмдерді, инвентарьды, құрал-жабдықтарды, жарықтық және дыбыстық сүйемелдеуді жалдау); өткізілетін орында безендіру; әдістемелік әдебиетті сатып алу; марапаттау, транспорттық шығындар (егер қызмет көрсету көліксіз мүмкін болмаса);

Егер қызметтің сипаттамасына сәйкес болса тамақтандыру; залды, спорттық нысандарды және спорттық инвентарды жалдау; салынатын салықты ескере отырып жоба қатысушыларының еңбекақысы;

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінген қаражат тек қызметтерді іске асыруға байланысты іс-шараларға жұмсалуы, сәйкес құжаттармен бекітілуі және қаржылық есептерде көрсетілуі тиіс.

Потенциалды жеткізушілерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінген қаражат есебінен компьютерлік техникалар, офистік жиһаздар және басқа да құрылғыларды сатып алуға тыйым салынады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында көрсетілетін барлық қызметтер Тапсырыс берушімен немесе оның құзыретті өкілімен сырттай мониторингіленеді.

 

Потенциалды жеткізушінің іс-шараларды жүзеге асыру аясындағы жауапкершілігі:

- жеткізуші іс-шара қатысушыларының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толықтай жауапты;

- қажет болған жағдайда, бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша іс-шара қатысушыларын көлікпен қамтамасыз ету;

- іс-шараны өткізу үшін сәйкес органдармен қоғамдық қауіпсіздік пен медициналық көмекті қамтамасыз ету;

- жобаны жүзеге асыру барысында мәселелер туындаған жағдайда Жеткізуші Тапсырыс берушіге уақтылы мәлімет беруі, шешу жолдарын және одан кейінгі жобаның кедергісіз жүзеге асуы үшін Тапсырыс беруші қабылдауға тиіс түзету әрекеттерін ұсынуы тиіс.

Қорытынды нәтижелер: әрбір іс-шараның қорытындысы бойынша Потенциалды жеткізуші қатысушылар арасында өткізілген іс-шараның тиімділігі туралы сауалнама жүргізеді.

Жобаның қорытындысы бойынша Потенциалды жеткізуші келесіні қамтамасыз етуі тиіс:

- қорытынды дайджесттердің дайындалуы.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде шығарылған барлық материалдарда қаржыландыру көзіне сілтеме болуы тиіс. 1.      тапсырыс берушіге келісімшарттың орындалуы туралы есептерді (шығармашылық және қаржылық) рәсімдеу және ұсыну    Тапсырыс беруші қызмет алушыға көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасына бақылау кез-келген уақытта жүргізе алады, сонымен қатар қажетті құжаттаманы сұрата алады.

Жеткізуші жобаның әр кезеңінің аяқталысы бойынша аралық және жобаның толық  аяқталысы бойынша қорытынды шығармашылық есептерді көрсетілген қызметтер акттарымен бірге ұсынуы тиіс.

Есеп MSWord-та орыс және/немесе қазақ тілінде жазылуы тиіс, беттің форматы А4, қаріп Times New Roman, қаріп өлшемі «12», 1 интервал арқылы, жиектері барлық тұсынан 2 см. Есептің мәтінінде кестелер, графиктер мен иллюстрациялар (қорытында есептен басқа) болмауы тиіс. Мәтінде қолданылған қысқартулардың түсіндірулері болуы тиіс. Есеп мәтіні мұқият редакциялануы тиіс, орфографиялық қателерсіз. Есеп тігінделген болуы және әр беті нөмірленген болуы, әр бетте Орындаушының қолы болуы тиіс.

 

Аралық шығармашылық есепке қойылатын талаптар:

Ұйым атауы:____________________________________________________

Жоба атауы:____________________________________________________

Келісімшарт нөмірі:_____________________________________________

Есептік кезең:__________________________________________________

 

1. Қысқаша кіріспе (кемінде 1 бет):

Жобаның іске асырылу барысы туралы қысқаша түйіндеме.

2. Есептік кезең нәтижелері:

- Есептік кезеңде қандай қызмет жүргізілді (мәселелер бойынша)?

- Жоба басталғанға дейін жағдай қандай болды? Жобаның алдыңғы кезеңінің нәтижелері (егер болса)? Жобаның осы кезеңінде қандай міндеттер қойылған еді? Қандай міндеттер орындалды?

Жасалған жұмыстың сипаттамасы хронологиялық тәртіпте. Кім, қашан, қайда, неше деген сұрақтарға нақты ақпарат пен жауаптар берілуі қажет.

3. БАҚ-да жариялануы:

Есептік кезеңдегі жоба бойынша қызметтің жариялануы. (Мақалалардың атауын, басылымдардың атауын, жарияланым мерзімін (жарияланым көшірмелері қосымша ретінде ұсынылады).

4.Көрнекі материалдар: Келісімшарттық міндеттемелерді орындаған кезде иллюстрациялық материалдар (брошюралар, парақшалар, таратылған материалдар және т.б.) және баннерлер таратылатын болса, Потенциалды  жеткізуші аралық есепке, таратылған иллюстрациялық материалдардың 1 данасын, орналастырылған баннерлердің тақтайшаның фотосуретін қоса жалғауы керек.

 

Қорытынды шығармашылық есепке қойылатын талаптар:

Ұйым атауы:____________________________________________________

Жоба атауы:____________________________________________________

Келісімшарт нөмірі:_____________________________________________

Есептік кезең:___________________________________________________

Жобаны іске асыру мерзімі _______________________________________

Орындаушының Т.А.Ә.___________________________________________

 

1. Жобаның іске асырылуы туралы қысқаша жалпы ақпарат. Есептің барлық негізгі бөлімдерін жазғаннан кейін, келесі сұрақтарға жауап беріп жобаны бағалаңыз:

Жобаның маңызды мақсаттары, міндеттері және нәтижелері қандай? Қандай факторлар нәтижелерге жетуге қатты оң/теріс әсер етті? Қызмет алушылар үшін жоба қандай мәнге ие болды (жаңа білім, мүмкіндіктер және т.б.)? Жобаны қалай тиімдірек етуге болатын еді (ұсыныстар)?

          2. Кестелік ақпарат: Жобаның барлық іс-шарасы бойынша сандық көрсеткіштер келтірілуі тиіс. (Жалпы есеп бірнеше қосымшадан тұруы тиіс. Әр іс-шара немесе қызмет түрі барлық нақтылаушы құжаттарын жалғай отырып жекелей қосымшада көрсетілуі тиіс,).

 

Қосымша нөмірі

Іс-шара атауы

Тұрғындардың қамтылуы

Нақтылаушы құжаттар

Жоспарлы

Нақты

1

2

3

4

5

Қосымша 1

 

 

 

 

Қосымша 2

 

 

 

 

Қосымша 3

 

 

 

 

 

3. Жобаның мақсатына қол жеткізу және алынған нәтижелер.

3.1. Мәтіндік ақпарат:

- мақсатқа қол жеткізу (мақсатқа қол жеткізілгендігі туралы деректерді сипаттау және дәлел келтіру);

- жоба аясында жасалған қызмет жағдайға қалай әсер етті (жобаға дейінгі және жоба аяқталғандағы жағдайды салыстыру), жоба аясындағы мәселелер мен міндеттердің шешілу деңгейі;

- жоспарланған нәтижелер мен алынған нәтижелердің сәйкестігі; егер ауытқушылықтар болатын болса олардың негіздемесі;

        - қол жеткізілген нәтижелер қалай көрініс тапты – нәтижелілік индикаторлары:

 

№ п./п.

Жобаның іске асырылуы нәтижелерінің тиімділігін бағалау индикаторлары

Қол жеткізілген нәтиже

Нәтижеге қол жеткізу деңгейі (сипаттамасымен)

1

2

3

4

1

 

 

 

2

 

 

 

 

- сауалнамалық сұрату негізінде мақсаттық топтың (қызмет алушылардың) қанағаттану деңгейі;

- жоба аяқталғандағы орын алған әлеуметтік және өзге де өзгерістерді өлшеу (және/немесе оның жүзеге асырылу барысында);

 

3.2. Қызмет алушылардың кесіндісіндегі статистикалық ақпарат:

а) Гендерлік көрсеткіш:

Барлық қызмет алушылардың саны

Еркек

Әйел

1

2

3

 

 

 

б) санаттар бойынша әлеуметтік статусы:

№ п./п.

Барлық қызмет алушылардың саны

Жастар

Мемлекеттік қызметкерлер

Бюджеттік ұйымдар жұмысшылары

Мүмкіндігі шектеулі

 жандар

Зейнеткерлер

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

Қоғамдық ұйымдар өкілдері

Бизнес-сектор өкілдері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

в) жас бойынша көрсеткіш

№ п./п.

Барлық қызмет алушылардың саны

18-25 жас

26-30 жас

31-35 жас

36-45 жас

46-58 жас

58 жас және одан жоғары

1

2

3

4

5

6

7

8

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

                                   

 

4. Жобаның әлеуметтік әсері:

- көрсетілген мақсаттық топтардың жобаны жүзеге асыру аясында алған нақты нәтижелері (сандық көрсеткіштерді көрсете отырып, сапалық өзгерістерді, мүмкін жетістік оқиғаларын сипаттай отырып дәлелденген нақты деректер негізінде);

- жобаның іске асырылу барысындағы шешетін мәселесіне жобаның ұзақ мерзімді әсері (белгілі бір салада жобаның іске асуымен пайда болатын болжамды позитивті/негативті өзгерістердің негіздемесі).

       5. Серіктестері (егер болса), билік органдары тарапынан көрсетілген көмектер, жобаны іске асыруға көмек көрсеткен құрылымдар: оларды қатыстыру қаншалықты қажет болды, жобаны бұл әрекет қалай күшейтті, қандай сабақ алынды, өзара іс-қимылды жалғастыру қалай жоспарланып жатыр?

        6. Жүзеге асырылған жобаның ұйымның дамуына әсер ету деңгейін сипаттау (персоналдың біліктілігі, байланыстардың кеңеюі, жаңа қызметтерді іске қосу және т.б.)

        7. Қазіргі жобаның жалғасы болуы мүмкін болашақ жобалар тақырыптары бойынша ақпарат:

Жоба нәтижелері бойынша ұсыныстар

Сіз тақырыптың (мәселенің) қандай жалғасын ұсына аласыз?

Жобаны жүзеге асыру кезеңінде Сіз тап болған негізгі проблемалар мен кедергілер қандай болды?

 

 

 

 

8. Жобаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға арналған практикалық ұсынымдар.

9. Өткізілген іс-шаралар бойынша барлық қосымшаларды жалғау.

10. Есепке жалғанатын міндетті қосымша болып табылады:

10.1. Іс-шараны өткізу туралы бекітілген тұжырымдама/қағида/бағдарлама;

10.2. Көрсетілген формаға сәйкес қатысушылар тізімі:

№ п./п.

Қатысушының Т.А.Ә.

Жұмыс/оқу орны

Байланыс ақпараты

(телефон,  e-mail)

Қолы

1

2

3

4

5

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

10.3. Өткізілген шара туралы қатысушылардың пікірлері байланыс ақпаратымен (кемінде 5);

10.4. Кері байланыс сауалнамалары (кемінде 5);

10.5. Іс-шараны өткізу орнынан растау-хаты;

10.6. Дискідегі фото және видео. Фотолар және видеоларда қатысушылар саны, іс-шараны өткізудің барлық кезеңдері, ұсынылған үлестіру материалы, құрал-жабдық, залдың жалпы фоны мен безендірілуі көрініс табуы тиіс (Тапсырыс берушінің атауы көрсетілген баннер/стенд).

10.7. Электронды және/немесе баспа БАҚ –да жарық көрген барлық материалдарды көрсете отырып БАҚ дайджесты. Сонымен бірге мақала, жарияланымдардың шығу күнін, нөмірін және  газет, журнал, сайтқа сілтемелерді көрсете отырып көшірмелерін, электрондық БАҚ бойынша – эфирге шығу күнін және уақытын көрсете отырып эфирлік анықтама.

10.8. Концерттер, байқаулар, фестивальдар үшін – сценарий

10.9 Көрнекі материалдар: Келісімшарттық міндеттемелерді орындаған кезде иллюстрациялық материалдар (брошюралар, парақшалар, таратылған материалдар және т.б.) және баннер таратылған болса, Потенциалды  жеткізуші аралық есепке, таратылған иллюстрациялық материалдардың 1 данасын, баннерлер немесе тақтайшалардың орналастырылған фотосурет жалғауы керек.

Жүлделерді, сыйлықтарды немесе басқа да өнімдерді іс-шараға қатысушыларға тапсыруды Жеткізуші тапсырыс берушіге ұсынады, және есепті алушы (Т.А.Ә., байланыс телефоны) мен өнім туралы ақпаратты қамтитын өнімді бөлу туралы актімен қамтамасыз етуі керек.

Есеп құрылды: Күні _________________

Жеткізуші басшысының  Т.А.Ә. ______________________ Қолы

Ұйым мөрі

 

 

 

Исатай аудандық ішкі саясат

және тілдерді дамыту бөлімінің  басшысы                                                         А.Махмутов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 мая 2022