Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілмен
2022 жылдың І-тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстары туралы
Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі өзіне жүктелген қосымша міндеттерді Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне», «Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы №156 «Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы» Бұйрығына, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2021 жылдың 8 қаңтардағы хатымен жолданған «Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметіне бағытталған ұсынымды іс-шаралардың кешенді жоспарына» (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес жүзеге асырады.
Есепті кезеңде Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілмен төмендегі бірқатар жұмыстар атқарылды, атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларын және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша 14 мемлекеттік қызметшіге және 5 жеке және заңды тұлғаларға қолданыстағы заңнамалар бойынша кеңес берілді;
- Аудан әкімдігіне қарасты құрылымдық бөлімдер, дербес бөлімдер мен ауылдық округтердің мемлекеттік қызметшілеріне 2 семинар өткізілді;
- Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу, оның ішінде мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен жеке қабылдауда (ауылдық округтерге шығуларды қоса алғанда) 15 жеке тұлға қабылданып, қойылған сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме берілді;
- Әдеп жөніндегі уәкілдің әлеуметтік желілеріндегі Фэйсбук парақшасында 2 бейнеролик, 2 мақала жарияланса, аудандық "Нарын Таңы" газетіне "Парасаттылық-адами құндылықтар жиынтығы" тақырыбында мақала жарияланды. Қазіргі таңда Әдеп жөніндегі уәкілдің Фейсбук әлеуметтік желісінде 1048, Инстаграм әлеуметтік желісінде 221 оқырман тіркелген;
- Мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне сынның болу тұрғысына Фэйсбук, Инстаграмм және Вконтакте әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларына талдау жасалып отырады. Атап айтсақ, Фэйсбук әлеуметтік желісін қолданушылар саны – 69, Инстаграмм әлеуметтік желісін қолданушылар саны – 72, Вконтакте әлеуметтік желісін қолданушылар саны – 24. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымды жаңалықтар саны 42, жағымсыз жаңалықтар жоқ;
- Қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ұжымда моральды-психологиялық климаттың жағдайына талдау жүргізу мақсатында тоқсан сайын жүргізілетін анонимді сауалнамаға 60-70 мемлекеттік қызметші қатысты. Нәтижесімен: Тікелей басшылық ұжымда тек іскерлік қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік жасайды, Өзінің басшылығына сенім білдіруші ретінде, Менің әріптестерімнің маған деген қарым-қатынастары әркезде әдепті және сыпайы деп, Менің пікірім әркезде менің тікелей басшылығыммен ескеріледі деп мемлекеттік қызметшілердің барлығы көрсетсе, Тікелей басшылығының қарым-қатынасы әділ екенін 90% мемлекеттік қызметші көрсеткен (20% «үнемі емес»);
- Есепті кезеңде «Мемлекеттік қызметшілердің телефон әдебінің» талаптарын сақтау бойынша өткізілген семинарларда, жеке қабылдауларда мемлекеттік қызметшілердің телефон әдебі бойынша әдістемелік нұсқама аудан әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлімдердің, аудан әкімі аппаратына қарасты құрылымдық бөлімдердің және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, сонымен қатар, қабылдау бөлмесінде отыратын техникалық персоналдарға электронды нұсқасы таратылды;
- Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
- Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түспесе, құқықтарының бұзылу фактісі орын алған жоқ.
- Есепті кезеңде аудан әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігіне қарасты аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерінің, дербес бөлімдердің және округ әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілеріне жалпыға бірдей декларациялау үшін кірістер мен мүлік туралы декларация бойынша түсіндірме беру үшін Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен, 2021 жыл бойынша мемлекеттік мекемелерден қабылданған қаржылық құжаттарды орындау туралы, қайтарылған көрсеткіштері бойынша түсіндірме беру үшін Аудандық Қазынашылық басқармасының өкілдерімен семинар өткізілді;
- 7 «галстуксыз кездесу» ұйымдастырылды;
- Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілерін спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстануға бет бұрғызу мақсатында Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай аудандық білім бөліміне қарасты «Барыс» балалар – жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы теңгеріміндегі дене шынықтыру кешеніне әр аптаның сәйсенбі және бейсенбі күндері сағат 20:00 – ден 22:00 – ге дейін футзалдан ерлерге, Абай атындағы орта мектебінің спортзалына әр аптаның дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 20:00 – ден 22:00 – ге дейін волейболдан ерлер мен қыздарға жаттығу жасауға жағдай жасалған;
- Есепті кезеңде Исатай ауданы әкімдігінің ресми сайтында (GOV.KZ) 2022 жылға арналған Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметіне бағытталған ұсынымды іс-шаралардың кешенді жоспары және Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің 2021 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат жарияланды;
- Есепті кезеңде ӘЖУ-дің бастамасымен 8-Наурыз "Халықаралық әйелдер күні" мерекесі қарсаңында аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуларымен "Жалын" мәдениет үйінде мерекелік концерт ұйымдастырылды
Қорытындылай келе, Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл алдағы уақытта өз функциясы шегінде қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары мен Әдеп кодексі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жолында тиісті жұмыстарды жалғастыратын болады.