Исатай ауданы бойынша жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесіне құқық беретін аудандық комиссия мәжілісінің хаттамасы
№3
Аққыстау ауылы 18 ақпан 2022 жыл
Аудан әкімдігінің 2021 жылғы 5 қазандағы №215 қаулысымен құрылған комиссия құрамы:
Комиссия төрағасы: Н.Құмаров
Комиссия төрағасының орынбасары: Д.Бекмұхамбет
Комиссия мүшелері: Н.Утегенов, А.Рахметов, А.Аманбаева, С.Есенов, Е.Доскалиев, Е.Ақтанов, Н.Мусин, А.Жұмабеков,А.Альмуратова.
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
- Құттыбайұлы Тұрлан Тұщықұдық ауылы, Абай көшесі, №13 үй мекен-жайында орналасқан, нысаналы мақсаты «тұрғын үй және дүкен үшін» жер учаскесінің нысаналы мақсатын «тұрғын үй және дүкен, алкомаркет үшін» нысаналы мақсатына өзгертуді сұрайды.
- Балманов Нурболат Жанбирбаевич Аққыстау ауылы, Е.Есжанұлы көшесі, №8 үй мекен - жайындағы тұрғын үй пайдалану және құрылысы үшін алған 0,0902 га жер учаскесіне қосымша 0,0088 га жер учаскесін жеке меншік құқығымен табыстауды сұрайды.
- Әмірханов Саттархан Нұркенұлы Аққыстау ауылдық округі, 17 жол айрығынан жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу (үй маңындағы телiм) үшін 0,1 га жер учаскесін табыстауды сұрайды.
- «Жанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі Исатай ауданы жерінен «Манаш каналы үшін» жер учаскесін табыстауды сұрайды.
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, комиссия төмендегіше қорытындылады.
- Құттыбайұлы Тұрланның Тұщықұдық ауылы, Абай көшесі, №13 үй мекен-жайында орналасқан, нысаналы мақсаты «тұрғын үй және дүкен үшін» жер учаскесінің нысаналы мақсаты «тұрғын үй және дүкен, алкомаркет үшін» нысаналы мақсатына өзгертілсін.
- Балманов Нурболат Жанбирбаевичке Аққыстау ауылы, Е.Есжанұлы көшесі, №8 үй мекен - жайындағы тұрғын үй пайдалану және құрылысы үшін алған 0,0902 га жер учаскесіне қосымша 0,0088 га жер учаскесі жеке меншік құқығымен (өтеулі түрде) табысталсын.
- Әмірханов Саттархан Нұркенұлына Аққыстау ауылдық округі, 17 жол айрығынан жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу (үй маңындағы телiм) үшін 0,1 га жер учаскесі уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 3 жыл мерзімге табысталсын.
- «Жанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не Исатай ауданы жерінен «Манаш каналы үшін» 41,55 га жер учаскесі тұрақты жер пайдалану құқығымен табысталсын.
Комиссия отырысына қатысқандар:
|
Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары:
|
Д.Бекмұхамбет
|
|
Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалының директоры:
|
Н.Мусин
|
|
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
|
Н.Утегенов
|
|
Исатай аудандық мәслихаттың депутаты
|
А.Жұмабеков
|
|
Исатай аудандық мәслихаттың депутаты
|
А.Аманбаева
|
|
«Исатай несие серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басқарма төрағасы:
|
А.Альмуратова
|
|
«Азат- Азамат» жастар қоғамдық
бірлестігі төрағасы:
|
Е.Ақтанов
|