Исатай ауданы бойынша жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесіне құқық беретін аудандық комиссия мәжілісінің хаттамасы
№1
Аққыстау ауылы 26 қаңтар 2022 жыл
Аудан әкімдігінің 2021 жылғы 5 қазандағы №215 қаулысымен құрылған комиссия құрамы:
Комиссия төрағасы: Н.Құмаров
Комиссия төрағасының орынбасары: Д.Бекмұхамбет
Комиссия мүшелері: Н.Утегенов, А.Рахметов, А.Аманбаева, С.Есенов, Е.Доскалиев, Е.Ақтанов, Н.Мусин, А.Жұмабеков,А.Альмуратова.
Комиссия отырысына қатыспағандар: А.Аманбаева (себепсіз), А.Жұмабеков (себепсіз), Е.Доскалиев (себепсіз), Е.Ақтанов (себепсіз).
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
- Рамазанов Жанғазы Әділханұлы Аққыстау ауылы, Амангелді көшесі, №2А мекен-жайында орналасқан, нысаналы мақсаты «тұрғын үй пайдалану және құрылысы үшін» жер учаскесінің нысаналы мақсатын «үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін» нысаналы мақсатына өзгертуді сұрайды.
- Муханбетов Маулен Мутанович Аққыстау ауылы, З.Ғұмаров көшесі, №29 үй мекен-жайындағы тұрғын үй құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін алған 0,12 га жер учаскесіне қосымша 0,0375 га жер учаскесін беруді сұрайды.
- Рахметова Гульзада Кумаровна Тұщықұдық ауылдық округі жерінен шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беруді сұрайды.
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, комиссия төмендегіше қорытындылады.
- Рамазанов Жанғазы Әділханұлына Аққыстау ауылы, Амангелді көшесі, №2А үй мекен-жайында орналасқан, ауданы 0,06 гектар нысаналы мақсаты «тұрғын үй пайдалану және құрылысы үшін» жер учаскесінің нысаналы мақсатын «үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін» нысаналы мақсатына өзгертуден, (Үй жанындағы және пәтер маңындағы жер учаскелерінің өлшемдері) тұрғын үйлердің жанынан жеке үйге бөлінетін жер учаскелерінің мөлшері, ауылдық жерлердегі үй маңындағы және егістік телімдері қоса алғанда – 600 – 1500 м2 болуына байланысты бас тартылсын.
- Муханбетов Маулен Мутановичке Аққыстау ауылы, З.Ғұмаров көшесі, №29 үй мекен-жайындағы тұрғын үй құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін алған 0,12 га жер учаскесіне қосымша 0,0375 га жер учаскесі құрылыс құжаттамасына сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 3 жыл мерзімге табысталсын.
- Рахметова Гульзада Кумаровнаға Тұщықұдық ауылдық округі жерінен шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін табыстаудан "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс негізінде жүзеге асыру қажеттігіне байланысты бас тартылсын.
Комиссия отырысына қатысқандар:
|
Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы:
|
Н.Құмаров
|
|
Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары:
|
Д.Бекмұхамбет
|
|
Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалының директоры:
|
Н.Мусин
|
|
«Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының Исатай аудандық ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысы:
|
А. Рахметов
|
|
«Исатай несие серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басқарма төрағасы:
|
А.Альмуратова
|
|
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
|
Н.Утегенов
|