Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілмен 2021 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстары туралы
Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі өзіне жүктелген қосымша міндеттерді Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне», «Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы №156 «Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы» Бұйрығына, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2021 жылдың 8 қаңтардағы хатымен жолданған «Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметіне бағытталған ұсынымды іс-шаралардың кешенді жоспарына» (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес жүзеге асырады.
Кеңес беру және түсіндірме жұмысы:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларын және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша 117 мемлекеттік қызметшіге және 11 жеке және заңды тұлғаларға қолданыстағы заңнамалар бойынша кеңес берілді;
- Аудан әкімдігіне қарасты құрылымдық бөлімдер, дербес бөлімдер мен ауылдық округтердің мемлекеттік қызметшілеріне 15 семинар, (Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары, Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» талаптары туралы, телефонмен сөйлесу этикасы, пилоттық режимде еңбекақы төлеу бойынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар бойынша) өткізілді;
- Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу, оның ішінде мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен жеке қабылдауда (ауылдық округтерге шығуларды қоса алғанда) 66 жеке тұлға қабылданып, 44 қойылған сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме берілсе, 22 азаматтың мәслелесі оң шешімін тапты;
- Әдеп жөніндегі уәкілдің әлеуметтік желілеріндегі Фэйсбук парақшасында 19 бейнеролик (Как они победили коррупцию?, Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік этикеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік ролик, "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" тақырыбындағы "Адалдық сағаты", Адалдық. Парасаттылық. Әділдік. Сенім., танымал спортшы А.Назаровпен "Адалдық сағаты", "Адалдықтың өтемі" ертегі, "Адамгершілік", "Адамгершілік туралы мақал мәтелдер", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік ролик", "Адал еңбек", "Қайырымдылық", "Жемқорлық түбімізге жетеді", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік ролик", "Сыбайлас жемқорлық жазаланады", "Адалдық.Парасаттылық"., "Шәкәрім өсиеті-адалдық айнасы" тақырыбындағы адалдық сағаты, "Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай" тақырыбындағы адалдық сағат, Адалдық сағаты: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясытуралы бейнероликтер) жарияланды;
- Сонымен қатар, "Ең бастысы-Елге қызмет ету", "Адамгершілік" және "Әділдік", "Арман. Мақсат. Сенім.", "Құзыреттілік", "Парасатты ұрпақ-жарқын болашақ кепілі!" тақырыптарында 6 мақала жарияланса, Қ.А.Яссауидің, А.Құнанбайұлының, Б.Момышұлының, Ә.Бөкейханұлының нақыл сөздері жарық көрді. Аудандық "Нарын Таңы" газетінің 25.02.2021 жылғы №8 басылымында "Әдептілік-Адамдықтың белгісі" тақырыбында мақала жарияланды. Қазіргі таңда Әдеп жөніндегі уәкілдің Фейсбук әлеуметтік желісінде 928, Инстаграм әлеуметтік желісінде 210 оқырман тіркелген;
- Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен ашықтығын насихаттау мақсатында жергілікті газет бетіне 5 мақала (аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі – 1, аудандық экономика және қаржы бөлімі – 1, Қамысқала ауылдық округі әкімі аппараты – 2, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы-1), әлеуметтік желілерге 4 тікелей эфир (жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі-1, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі-1, Нарын ауылдық округі – 1, аудандық аумақтық инспекциясы-1), мемлекеттік мекемелердің Фейсбук әлеуметтік желісінде пост ретінде 5 жариялым (Қамысқала ауылдық округі – 1, Исатай ауылдық округі-1, Жанбай ауылдық округі –1, Аққыстау ауылдық округі – 1, Тұщықұдық ауылдық округі-1) шықты. Сонымен қатар, аудандық ХҚКО бірлесіп электронды қызмет алу мүмкіндіктерін түсіндіруге арналған онлайн оқыту курсына 10 мекемеден 18 қызметкер қамтылды. Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде «Ашық әкімдік» кеңсесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды үкімет веб-порталында қолжетімдігі туралы ақпараттандыру мақсатында аудан әкімдігіне қарасты бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.
- Исатай ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде аудандық деңгейде 81 іс-шара өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу бағыты бойынша өңірлік БАҚ-та 26 материал орналастырылды. «Халық» Қайырымдылық қорының атынан «Ел тірегі - Елбасы» қайырымдылық жәшігі жағдайы төмен, атаулы әлеуметтік көмек алатын 90 отбасыға таратылды.
Қызметтік әдепті талдау және бақылау:
- Мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне сынның болу тұрғысына Фэйсбук, Инстаграмм және Вконтакте әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларына талдау жасалып отырады. Атап айтсақ, Фэйсбук әлеуметтік желісін қолданушылар саны – 69, Инстаграмм әлеуметтік желісін қолданушылар саны – 72, Вконтакте әлеуметтік желісін қолданушылар саны – 24. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерінде ішімдік аясында түскен фотосуреттерінің жүктелгені анықталмады;
- Мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымды жаңалықтар саны 30, жағымсыз жаңалықтар саны 1;
- Қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ұжымда моральды-психологиялық климаттың жағдайына талдау жүргізу мақсатында тоқсан сайын жүргізілетін анонимді сауалнамаға 60-70 мемлекеттік қызметші қатысты. Нәтижесімен: Тікелей басшылық ұжымда тек іскерлік қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік жасайды, Өзінің басшылығына сенім білдіруші ретінде, Менің әріптестерімнің маған деген қарым-қатынастары әркезде әдепті және сыпайы деп, Менің пікірім әркезде менің тікелей басшылығыммен ескеріледі деп мемлекеттік қызметшілердің барлығы көрсетсе, Тікелей басшылығының қарым-қатынасы әділ екенін 90% мемлекеттік қызметші көрсеткен (20% «үнемі емес»).
- Есепті кезеңде «Мемлекеттік қызметшілердің телефон әдебінің» талаптарын сақтау бойынша өткізілген семинарларда, жеке қабылдауларда мемлекеттік қызметшілердің телефон әдебі бойынша әдістемелік нұсқама аудан әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлімдердің, аудан әкімі аппаратына қарасты құрылымдық бөлімдердің және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, сонымен қатар, қабылдау бөлмесінде отыратын техникалық персоналдарға электронды нұсқасы таратылса, биыл 23-маусым «Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесі қарсаңында кітапша ретінде әзірленген нұсқасы таратылды;
- Мемлекеттік қызметке алғаш тағайындалған 6 мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 13-бабында көзделген шектеулермен таныстырылды.
- Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;
- Сонымен қатар, Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімімен 3, Аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімімен 2, Қамысқала ауылдық округімен 2, Жанбай ауылдық округімен 2, Аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімімен 2, Исатай ауылдық округімен 2, Тұщықұдық ауылдық округімен, Аққыстау ауылдық округімен, Нарын ауылдық округімен, Зинеден ауылдық округімен, Аудандық жұмыспен қамту, азаматтық хал актілерін тіркеу және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен барлығы 18 «галстуксыз кездесу» ұйымдастырылды.
Қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша өтініштерді қарау:
- Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түспесе, құқықтарының бұзылу фактісі орын алған жоқ.
Өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру:
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мәдени, спорттық шаралар өткізілді. «Үкілі домбыра» облыстық байқауына Зинеден ауылдық округінің әкімі Махсотов Ерлан Ескендірұлы қатысып, жүлделі 3 орын иеленді. «Әдептілік дәстүрден» облыстық байқауы және «Отбасы үйім, отбасы тірегім» байқауында да аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Шагиров Саябек Жаныбекұлы жүлделі 3 орынмен марапатталады.
- «Спорт –денсаулық кепілі» бағыты бойынша ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан облыстық жарыста, ерлер арасында қатысқан аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өтегенов Нұрберген Мұратұлы 2 орынмен марапатталды. Кіші футболдан облыстық турнирде Исатай ауданы командасы жүлделі 2 орынды жеңіп алды.
- 400 метрге жүгіруден аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Бисен Рауан Бисенұлы 3 орынды жеңіп алды.
- Атырау облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасында «Ұлттық ономастика – ел айнасы» облыстық байқауына Исатай ауданынан «Каспий» командасы қатысты. Команда құрамында аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Жандолова, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Е.Есмағила және Жанбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М.Баркимбаева қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.
- «Қазақстандық мәдениет және спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Екі жұлдыз» ән байқауы ұйымдастырылды. Аталған облыстық сайысқа ауданымыздан «аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімің» бас маманы Шагиров Саябек Жәнібекұлы қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.
- Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілерін спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстануға бет бұрғызу мақсатында Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай аудандық білім бөліміне қарасты «Барыс» балалар – жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы теңгеріміндегі дене шынықтыру кешеніне әр аптаның сәйсенбі және бейсенбі күндері сағат 20:00 – ден 22:00 – ге дейін футзалдан ерлерге, Абай атындағы орта мектебінің спортзалына әр аптаның дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 20:00 – ден 22:00 – ге дейін волейболдан ерлер мен қыздарға жаттығу жасауға жағдай жасалған;
- Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілдің ұйымдастыруымен Исатай аудандық Адалдық-Алаңы жобалық кеңсесінің Инстаграмм парақшасы арқылы әр түрлі өзекті тақырыптар бойынша барлығы 72 рет тікелей эфирлер өткізіліп, 4282 қаралым болса түскен 466 сауалға ауданымыздың 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық даму бағдарламасы негізінде, сонымен қатар, қолданыстағы заңнамалар шеңберінде түсініктер берілді, желі қолданушыларымен 697 пікір қалдырылды;
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» тақырыбында ағымдағы жылы 4 онлайн сұхбат өткізілді.
Онлайн сұхбат Исатай ауданы әкімдігінің инстаграмм әлеуметтік желісі арқылы ұйымдастырылып:
- жас мемлекеттік қызметші ретінде аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Зинуллина Айза мемлекеттік қызметтің ардагері Насимуллин Ерболат ағаймен сұхбат өткізді;
- жас мемлекеттік қызметші ретінде аудандық мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы Жұмабеков Марат мемлекеттік қызметтің ардагері Мұханбетов Аяпберген ағаймен сұхбат өткізді;
- жас мемлекеттік қызметші ретінде Жанбай ауылдық округінің бас маман есепшісі Лаззат Серікқалиқызы мемлекетік қызметтің ардагері Сейтешова Алма апаймен сұхбат өткізді;
- жас мемлекеттік қызметші ретінде Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Қабдығалиев мемлекеттік қызметтің ардагері М.Өтеғалиевпен сұхбат өткізді.
Атырау облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі мен Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер, оның ішінде тегі, аты – жөні, фотосуреті, кабинеті және телефон номерлері заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімдігінің, ауылдық округ әкімі аппараттарының, дербес бөлімдердің, Аққыстау ауылындағы халық көп шоғырланатын әлеуметтік нысан ғимараттарына, атап айтқанда, Аудандық пошта торабының, Аудандық темір-жол станциясының, Аудандық емхананың және "Ақторғын" шағын маркетінің ғимараттарындағы көрнекі жерлерге ілініп, мемлекеттік қызметшілер мен басқа да азаматтарды 2021 жылғы қабылдау кестесі тоқсан сайын аудандық «Нарын таңы» газетіне жарияланды.
- 2021 жылы 29 маусым күні «Мемлекеттік қызмет түрлері» тақырыбында пандемияға байланысты онлайн «ашық есік күні» өткізілді. «Ашық есік күніне» аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Е. Есмағила, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қ.Ермуханов, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Р.Сигуатова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы З.Тулегенова, Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Елеубайұлы қатынасып әлеуметтік желі қолданушыларына мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері және электронды үкімет порталы арқылы қандай қызмет түрлеріне қол жеткізуге болатынын және сенім телефон номерлерін айтып өтті. Тікелей эфир барысында мамандармен тұрғындар арасында жиі қойылатын сұрақтар талқыланды. Тікелей эфирде 114 қаралым болды. Желі қолданушылар тарапынан орын алған сұрақтарға түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, ӘЖУ-мен ағымдағы жылдың 27 тамызында "Кеңес беру күні" белгіленіп (ӘЖУ-дің Facebook парақшасында анонс жариялану арқылы) whatsApp желісі арқылы 2 жеке тұлғаға кеңес берілді.
Қорытындылай келе, Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл алдағы уақытта өз функциясы шегінде қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары мен Әдеп кодексі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жолында тиісті жұмыстарды жалғастыратын болады.