Исатай аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының Ш Е Ш І М І

Исатай аудандық Қоғамдық  кеңесін  қалыптастыру жөніндегі  жұмыс тобының

 

Ш Е Ш І М І

 

Аққыстау ауылы                                       №1                          3 ақпан  2022 жыл

 

 

Қазақстан Ресспубликасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің  2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №69 бұйрығына сәйкес Исатай аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы  ШЕШІМ ЕТТІ:

1.Ауданда Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері болып мемлекеттік орган атынан өкілдер және ашық дауыс беру қорытындысы бойынша азаматтық қоғамнан  мына құрамда сайлансын:

Мутянова Лиза – зейнеткер, білім саласының ардагері

Тахаев  Мади – зейнеткер, мемлекеттік қызмет ардагері

Рахметов  Аманжол – аудандық ветстанцияның директоры                                 

Сисенғалиева Шынаргүл – Өркен  орта мектебінің директоры

Ахтанов  Ербол – «Азат-Азамат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы                                    

Насиханов Мүтиғолла – аудандық мәслихат аппаратының басшысы (келісім

                                      бойынша)

Амиров  Серік – аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің       

                            басшысы (келісім бойынша)

         2.Жұмыс тобының төрағасы Л.Мутянова және хатшысы болып С.Амиров сайлансын.

         3.Аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелерінің саны 15 (он бес) адам болып айқындалсын.

  1. «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Аудандық қоғамдық кеңес құрамын сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру аудандық «Нарын таңы» газетінде жариялансын. Келіп түскен құжаттар сарапталып, заңда белгіленген мерзімде конкурс өткізілсін.

5.Осы шешім ауданның өкілді органының ресми интернет-ресурсына жариялансын.

 

Төраға

Аудандық мәслихат хатшысы                                             Н.Мұханбеталиев

                        

Хатшы                                                                                      С.Амиров

Дата публикации
07 февраля 2022