Дүниежүзілік сайлау күні

Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде барлық елдерде 2005 жылы Будапештте (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде белгіленген және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Биыл мереке 3 ақпанға сәйкес келіп отыр.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен                       2022 жылдың 3 ақпаны күні Исатай  аумақтық комиссияларында  «Исатай аудандық жастар ресурсы Орталығында» жастармен «Таңдау және сайлану Конституциялық құқығы» тақырыбында  кездесу  өтеді,. 

Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы мамандар Дүниежүзілік сайлау күнін белгілей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жақсарту проблемасына жұрттың назарын аудару мақсатын көздеді.

Осы күнді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейілділікті қалыптастыру.

Анықтама:

Исатай ауданында  16 сайлау комиссиялары құрылған, оның ішінде 1 аумақтық және 15 учаскелік сайлау комиссиялары, оларда жалпы саны 102 мүше бар.

 

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 21104

интернет-сайт: atyrau.gov.kz

tic_atr_ist@saylau.kz,  isatai.aotik2019@mail.kz

 

 

Дата публикации
02 февраля 2022