Комплексный план мероприятии уполномоченного по этике на 2022 год

БЕКІТЕМІН

Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысы –Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл

_________________ Р.Муканов

«____» _____________ 2022 жыл

2022 жылға арналған Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметіне бағытталған ұсынымды іс-шаралардың кешенді жоспары

 

№ р/с

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

1. Кеңес беру және түсіндірме жұмыстар

1.

Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларын және Әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты  мемлекеттік мекемелерде, қалалық, аудандық әкімдіктің дербес бөлімдерінде, ауылдық округ  әкімдіктерінде дәрістер мен семинарлар жүргізу, мемлекеттік қызметшілермен диалог алаңдарын құру және ақпараттық түсіндірме жұмыстарын өткізу

Айына кемінде          1 рет

 

ӘЖ (МҚІАД белгілеу арқылы), БАҚ жарияланымдар

МҚІАД ақпарат

 

2.

Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу, оның ішінде мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен шығу кездесулерді ұйымдастыру. Қажет болған жағдайда азаматтарды жеке қабылдауды (онлайн/офлайн), оның ішінде жеке кестеге сәйкес көшпелі өткізу (тоқсанына кемінде 1 қабылдау).

Айына кемінде       2 рет

 

ӘЖ (МҚІАД белгілеу арқылы), БАҚ жарияланымдар

МҚІАД ақпарат

 

3.

Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету

Тұрақты негізде

МҚІАД ақпарат

 

4.

Мемлекеттік қызметшілердің құзыреттіліктерін                         (стресске төзімділік, шыдамдылық, әдепсіз мінез-құлық, қоғам тарапынан сыни пікір тудырмау) дамыту және біліктілігін арттыру бағытында тренинг ұйымдастыру

Тоқсан сайын

Түсіндірме жұмыстары,

МҚІАД ақпарат

 

5.

Мемлекеттік қызметшілердің телефон арқылы сөйлесу әдебін сақтау бойынша жасырын қоңырау шалу арқылы бақылау жүргізу және әдістемеге сәйкес түсіндірулер жүргізу

І, ІІІ тоқсан

Нәтижесіне сәйкес тиісті шаралар

6.

Мемлекеттік қызметшілермен заңмен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауды қамтамасыз етуге, оның ішінде мүдделер қақтығысын болдырмау және алдын алуға  бағытталған жұмыстар

Тұрақты түрде

Мемлекеттік орган басшылығына ұсыныс,    МҚІАД ақпарат

                                                                   2. Қызметтік әдепті бақылау және талдау

7.

Мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне сынның болу тұрғысына ӘЖ-де талдау жүргізу

(мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан сын туғызатын фотосуреттер, бейнежазбалар және т.б материалдар анықталған жағдайда қызметшіге осы тектес материалдарды жеке парақшасынан жою туралы түсіндіру, мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы мәселені көтеру)

Тұрақты

Талдау нәтижесін саралау, ұсыныс

МҚІАД ақпарат

8.

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты БАҚ-тағы жағымсыз пікір дерегіне, мақалаларға мониторинг

(БАҚ жағымсыз жарияланым анықталған жағдайда Әдеп жөніндегі уәкіл жағымсыз жарияланымға қатысты барлық ақпаратты сұратуға құқылы. Қажеттіге қарай, мемлекеттік орган басшысына тәртіптік жауапкершілігін қарау бойынша ұсыныс енгізуге құқылы) 

Тұрақты

МҚІАД ақпарат, ұсыныс

9.

БАҚ-та мемлекеттік органға немесе мемлекеттік қызметшіге қатысты сыни мақала жарияланған жағдайда Департаментті тез арада хабарлау, тиісті шаралар қабылдау

Сыни мақалалар анықталған жағдайда

МҚІАД ақпарат, атқарылған шаралар қорытындысы

10.

Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді көтермелеу туралы ұсыныстар енгізу

Қажеттілікке қарай

 

Көтермеленген қызметшілер туралы МҚІАД ақпарат

 11.

Қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ұжымда моральды-психологиялық климаттың жағдайына талдау жүргізу мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізу және оны жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу

Тоқсан сайын

Анонимді сауалнама қорытындысы,

 МҚІАД ақпарат

 

12.

Еңбек тәртібін сақтау бойынша талдау жүргізу, үстеме жұмыс жасау фактілерін азайту бойынша тиісті шаралар атқару және ұсыныстар беру, бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті органға мәлімет жолдау

Тұрақты түрде

МҚІАД ұсыныс

 

13.

Икемді жұмыс кестесін құру кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының, оның ішінде әлеуметтік құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу

Тұрақты түрде

МҚІАД ақпарат

14.

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Әдеп кодексі талаптарын бұзуға ықпал ететін себептер мен шарттарға талдау жүргізу

(талдау тәртіптік комиссия, сонымен қатар Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған тәртіптік істерге негізделуі мүмкін)

Тоқсан сайын

Талдау қорытындысын саралау

3. Қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша өтініштерді қарау

15.

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау

(әдеп жөніндегі уәкіл белгіленген тәртіпке сәйкес өтінішті қарауға қатысты тиісті ақпарат алуға алуға және сұратуға құқылы)

Түсуіне орай

Жолданымдарға жауаптар 

16.

Құқықтарды қалпына келтіруге өтініш білдіргендердің ішінен азаматтардың немесе мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру және қорғау (кейстерді көрсете отырып).

Өтініш қорытындысымен анықталуына орай

МҚІА қабылданған шаралар жөнінде ақпарат  

 

17.

Жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік қызметшілерден лауазымды тұлғалардың тарапынан әдеп нормаларының сақталмауына қатысты жиі келіп түсетін өтініштерге байланысты, оның ішінде дәлелін таппаған жағдайда, тиісті тұлғалармен әңгімелесу ұйымдастыру

Түсуіне байланысты

(тұрақты негізде зерделеу)

МҚІАД ақпарат

 

                                                                        4. Өзара қарым-қатынас орнату

 18.

Тиісті уәкілетті органдардың өкілдерінің қатысуымен тиісті заңнама талаптарының сақталуы бойынша,                          сондай-ақ қоғам қайраткерлерінің қатысуымен жиындар ұйымдастыру

1) ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің                            Атырау облысы бойынша департаментінің мамандарымен және Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және жою бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдерімен;

2) Мемлекеттік қызметшілерге меншік құқығымен тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша                                      ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мамандарымен;

3) Жалпыға бірдей декларациялау үшін кірістер мен мүлік туралы декларация бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарымен;

4) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, тіркеу және мерзімдерінің сақталуы бойынша ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының өкілдерімен;

5) Өзге де мемлекеттік органдар мамандарымен қажеттілікке қарай

 

Тоқсан сайын

Ішкі кесте бойынша

ӘЖ, БАҚ жарияланымдар

МҚІАД ақпарат

 

19.

Мемлекеттік органның басшылығы мен қызметкерлері арасында ашық диалог жүргізу мақсатында «галстуксыз кездесу» ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу

 

2 айда 1 рет

ӘЖ, БАҚ жарияланымдар

МҚІАД ақпарат

20.

Өзінің қызметі бойынша ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде жариялау («Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру), тікелей эфирлер («Facebook», «Instagram»), интернет-конференциялар өткізу

(профилактикалық мақсатта әлеуметтік желілер потенциалын пайдалану ұсынылады, оның ішінде профилактикалық сипаттағы әр түрлі ақпараттарды, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды жариялау)

 

Ай сайын

БАҚ, әлеуметтік желілерде жарияланымдар

(МҚІАД белгілеу арқылы), ақпарат

5. Әдеп жөніндегі уәкіл жұмысын жандандыру

21.

Баспа басылымдарында, БАҚ және ӘЖ мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру фактілері туралы материалдарды жариялау;

Қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру бойынша
теле-радио бағдарламаларға қатысу

 

Жыл ішінде

 

Кемінде 4 жарияланым

БАҚ/ӘЖ

 

22.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен ашылған жергілікті «Caspian news» телебағдарламасындағы «Әдеп кеңесі/мемлекеттік қызметшінің әдебі» айдарына сұхбат беру

 

Жыл ішінде

(Департаменттің ұсынысына сәйкес)

Сюжеттің жарық көруі

23.

«Мемлекеттік қызметші қызметте» (Госслужащие в работе) фоторепортажын ұйымдастыру

Наурыз, Шілде, Қараша (МҚІАД бірлесіп)

Фоторепортажды

МҚІАД ұсыну

6. Өзге де шаралар

24.

Қазақстан Республикасының ресми мерекелері қарсаңында шаралар ұйымдастыруға ұсыныстар білдіру және өткізілуіне атсалысу

Болуына орай

ӘЖ, БАҚ

 МҚІАД ақпарат

25.

Мемлекеттік қызметшілерді республикалық, облыстық және аудандық  спорттық іс-шараларды қоса алғанда мәдени-қоғамдық өмірге қатыстыру

Үнемі

МҚІАД ақпарат,

 БАҚ жарияланымдар

 

26.

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы (қызметтік пәтермен қамтамасыз етуге, заңнама талаптарын сақтай отырып жер учаскесін бөлінуіне және денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында  жылдық бақылаудан өтулерін қадағалауға жатқызылған мемлекеттік қызметшілердің тізімін жасақтау) және еңбек жағдайының жақсарту бағытында ұсыныстар енгізу

Жыл ішінде

Талдау, ақпарат, ұсыныс

 

 

Қолданылған қысқартулар:

ОМО – орталық мемлекеттік органдар;

ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

МҚІАД – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті;

ӘЖУ – Әдеп жөніндегі уәкілдер;

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары;

ӘЖ – Әлеуметтік желілер.

Дата публикации
10 февраля 2022