2021 жылғы 7 қарашаға тағайындалған Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетені туралы

2021 жылғы 7 қарашаға тағайындалған

Исатай ауданы Қамысқала  ауылдық округі

әкімін сайлау жөніндегі дауыс беруге

арналған  сайлау  бюллетені туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының      14-бабы 7 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 7 шілдедегі №9/416 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы» қаулысының негізінде Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетені осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн және тиісті талаптарды сақтай отырып дайындалсын.
  2. Тиісті сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы резервін қоса дайындалатын Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің саны 2021 жылғы 18 қазандағы жағдай бойынша әкімдіктің АКТ бойынша ұсынған сайлаушылар санына сәйкес белгіленсін.
  3. Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау бюллетенін сайлау учаскелеріне уақтылы жеткізу қамтамасыз етілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Сирановаға жүктелсін.

 

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                             С.Т.Мендибаев

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                             Г.М.Сиранова

 

 

Дата публикации
27 октября 2021