Ақпараттық хабарлама
2021 жылғы 19 қазанда Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 7 қарашаға тағайындалған Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат Рафиғат Ануарбекқызы Тажиденованың («NurOtan» партиясынан) құжаттары ұсынылды.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімдігіне сайлауға кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2021 жылғы 7 қарашаға тағайындалған Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 9 қазан мен 22 қазан аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.