2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған

Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі

әкімін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған

сайлау бюллетеньдері туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының      14 бабы 7 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 7 шілдедегі №9/416 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы» қаулысының негізінде Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Исатай ауданы ауылдық округ әкімдерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетендерінің мәтiні Аққыстау ауылдық сайлау округі бойынша осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн және тиісті талаптарды сақтай отырып дайындалсын.
  2. Тиісті сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы резервін қоса дайындалатын Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің саны 2021 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша әкімдіктер АКТ бойынша ұсынған тізімге сәйкес белгіленсін.
  3. Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін сайлау учаскелеріне уақтылы жеткізу қамтамасыз етілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Сирановаға жүктелсін.

 

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                             С.Т.Мендибаев  

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                             Г.М.Сиранова

 

Дата публикации
22 июля 2021