АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИСАТАЙ АУДАНЫ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ
Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен 2019 жылдың 1 тамыздағы №19 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:
1)Ұйымдастыршылық - басқарушылық қызметі: Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №337 «Исатай аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
2) Мүдделер қақтығысы: 2021 жылдың I жартыжылдығы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;
3) Бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді: 2021 жылдың I жартыжылдығы бойынша мемлекеттік көрсетулер болған жоқ;
4) Рұқсат беру функциясы: бөлімде рұқсат беру функциясы қарастырылмаған;
5) Бақылау функцияларын іске асыру: бөлімде бақылау функциялары іске асырылмайды;
6) Бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәслелер: жоқ;
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:
1) Исатай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы №17 қаулысымен бекітілген «Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;
2) Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – жоқ;
3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар-0
4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша - бөлімге 2021 жылдың I жартыжылдығы бойынша 1 өтініш келіп түсті барлығына уақытында жауап берілді. Мерзімін бұзу фактісі болған жоқ. Сонымен қатар, бөлім орналасқан ғимаратта жеке және заңды тұлғалардан келіп түсен өтініштерді қабылдау жәшігі орналасқан. Ай сайын аталған жәшік ашылып, бұл жөнінде тиісті акт жасалады.
5) Прокуррлық қадағалау актілер - жоқ;
6) Сот актілері – бөлімге қатысты сот актілері түскен жоқ.
Жұмыс тобының құрамы:
А.Махмутов
А.Зинуллина
В.Мухитова