«Исатай аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

 

 «Исатай аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

2021 жылғы  07 шілде                                                                              Аққыстау ауылы

 

        «Исатай аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Бөлім басшысының 2021 жылғы  03 шілдедегі №29 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

        Көрсетілген бұйрықтың 1-тармағына сәйкес Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты маман болып – А.Дюсенов бекітілді. 

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі:                         2021 жылдың 7-8 шілде аралығы.

        Талданатын мерзім: 2021 жылдың 1-жартыжылдығы.

        Талданатын объект туралы мәлімет:

        «Исатай аудандық құрылыс бөлімі» ММ. Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Елорда көшесі, №54А үй, тел:8/71231/-79-1-93.

       «Исатай аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Исатай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 15 – қарашадағы №206 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес атқарады және аудан көлемінде құрылыстар салу,күрделі жөндеу,қайта өңдеу жұмыстарын қадағалау және қабылдау. Сонымен қатар құрылыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, күрделі құрылыс,күрделі жөндеу іс-шараларын жасау және жүзеге асыру. Салалық нысандардың қаржыландыруына,құрылысына және жобасына инвестициялық саясат жүргізу. Құрылыс бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, өндірістік және тұрғын үй нысандарының жыл бойғы және болашақтағы құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының қажеттілігін анықтайды. Құрылыс және жөндеу нысандары  бойынша техникалық тапсырмалар жинағымен қамтамасыз етеді, мердігерлермен келісім шартқа отырып,оның орындалысын бақылайды. Аяқталған құрылыс нысандарының техникалық құжаттамаларын рәсімдеуге, сондай-ақ нысандарды пайдалануға қабылдауға қатысады. Құрылыс нормасы мен ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына нұсқаулар мен ескертулер береді, жұмысты тоқтатуға дейінгі шарасын алады.     

         

 

        

          Исатай аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

         «Исатай аудандық құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің штаттық саны бойынша -3 мемлекеттік қызметші. Есепті кезеңдегі мемлекеттік қызметшілердің нақты саны -3.

         Есепті кезеңде  бөлімде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлер болған жоқ.

         Есепті кезеңде  бөлімде лауазымы жоғарылатылған мемлекеттік қызметкерлер болған жоқ.

 

          Мүдделер қақтығысын реттеу:

       Ішкі талдау жүргізу кезінде бөлім қызметкерлерінің арасында өздерінің лауазымдық өкілеттілігін лайықсыз орындауға әкеп соғатын өзара жеке қызығушылықтармен болған қарсылықтар анықталған жоқ.     

 Бақылау функцияларын іске асыру:

«Исатай аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бақылау функцияларын іске  асырмайды.

 

Мемлекеттік органдар жүргізген тексеру нәтижелері

 Мемлекеттік органдармен тексерулер жүргізілген жоқ.

 

Талдау кезінде анықталған өзге де мәселелер:

Бөлім қызметкерлері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сын жарияланымдар болған жоқ.

 

Қорытынды: Талдау жүргізу кезінде «Исатай аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жемқорлық тәуелділігі анықталған жоқ.

 

 

Бөлім басшысы                                                                                        Ж.Сыдихов

 

 

Бөлімнің бас маманы                                                                                А.Дюсенов

Дата публикации
21 июля 2021