«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
2021 жылғы 7 шілде Аққыстау ауылы
«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» Бөлім басшысының 2021 жылғы 7-шілдедегі №27 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Көрсетілен бұйрықтың 1-тармағына сәйкес Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты маман болып – Б.Сегізбаев бекітілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2021 жылдың 7-8 шілде аралығы.
Талданатын мерзім: 2021 жылдың 1-жартыжылдығы.
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Елорда көшесі, №54А үй, телефон: 8(71231) 7-91-97.
«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Исатай аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 29-қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес атқарады және аудан көлемінде жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстарымен, шешімдерінің жобаларын дайындау;
мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
жер сауда - саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
жер учаскесін сатып алу – сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттартын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
жер – кадастрлық жоспарды бекіту сияқты қызметтерді жүзеге асырады.
«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:
«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штаттық саны бойынша – 3 мемлекеттік қызметші. Есепті кезеңдегі мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3. Жүктілікке және босануға байланысты демалыста - 1.
Есепті кезеңде жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкерлер жоқ.
Есепті кезеңде бөлімде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлер саны - 0.
Есепті кезеңде бөлімде лауазымы жоғарылатылған мемлекеттік қызметкерлер болған жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу:
Ішкі талдау жүргізу кезінде Бөлім қызметкерлерінің арасында өздерінің лауазымдық өкілеттілігін лайықсыз орындауға әкеп соғатын өзара жеке қызығушылықтармен болған қарсылықтар анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету:
«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 6 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
Есепті кезеңде аталған 6 қызмет түрінен 381 өтініш келіп түскен.
Оның ішінде,
Рұқсат беру функцияларын іске асыру:
«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.
Бақылау функцияларын іске асыру:
«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бақылау функцияларын іске асырмайды.
Мемлекеттік органдардың жүргізген тексеру нәтижелері:
2017-2020 жылдар аралығында Атырау облысы бойынша Салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне және жергілікті бюджетке түсетін салық және салықтық емес түсімдердің толықтығымен уақытылылығын қаматамасыз етілуіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шараның нәтижесі бойынша бұзушылықтар анықталды.
Аталған заң бұзушылықтарға жол берген бөлімнің бас маманы Е.Есмағилаға қатысты тиісті шара алынды.
2021 жылдың сәуір айында «Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынаша басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, белгіленген қызмет көрсету мерзімдерін бұзғандығы анықталды.
«Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынаша басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, аталған заң бұзушылықтарға жол берген бөлімнің бас маманы Б.Сегізбаевқа қатысты тиісті шара алынды.
Талдау кезінде анықталған өзге де мәселелер:
Бөлім қызметкерлері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сын жарияланымдар болған жоқ.
Қорытынды: Талдау жүргізу кезінде «Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жемқорлық тәуелділігі анықталған жоқ.
Бөлім басшысы Д.Бекмұхамбет
Бөлімнің бас маманы Б.Сегізбаев