«Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
2021 жылғы 9шілде Аққыстау ауылы
«Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» Бөлім басшысының 2020 жылғы 9-шілдедегі №19 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Көрсетілен бұйрықтың 1-тармағына сәйкес Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты маман болып, бөлімнің бас маманы - Р.Сигуатова бекітілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2021 жылдың 13-14 шілде аралығы.
Талданатын мерзім: 2021 жылдың I-жартыжылдығы.
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Елорда көшесі, №54А үй, телефон: 8(71231) 7-91-91.
«Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Исатай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 15-қарашадағы №206 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес атқарады және өкілетті аймағында автокөлік жолдарының күрделі жөндеу, салу, қайта өңдеу жұмыстарына мемлекеттік қадағалау жасау және қабылдау. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, коммуналдық саланың нысандарын жөндеу, күрделі жөндеу іс-шараларын жасау және жүзеге асыру, автокөлік жолдары, елді мекендердегі көшелер, жалпы пайдаланымдағы жергілікті дәрежедегі автокөлік жолдары жүйесі саласындағы өкілетті органмен байланысты іске асыру,аудан көлеміндегі қысқа дайындық жұмыстарына бақылау жасау. Коммуналдық нысандардың құрылысы мен күрделі жөндеуіне бюджет қаржысының бөлінуіне қатысу және ұсыныстар беру. Ауылішілік, ауылішілік жолаушылар және жүк тасымалын ұйымдастыру, маршруттарын бекіту, қозғалыс кестесін бекіту, жолаушылар тасымалына конкурстар өткізу сияқты қызметтерді жүзеге асырады.
«Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:
«Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штаттық саны бойынша – 5 мемлекеттік қызметші.
Есепті кезеңдегі мемлекеттік қызметкердің нақты саны - 4.
Есепті кезеңде жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкер -1.
Есепті кезеңде бөлімде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкер саны -0.
Есепті кезеңде бөлімде лауазымы жоғарылатылған мемлекеттік қызметкерлер -0.
Мүдделер қақтығысын реттеу:
Ішкі талдау жүргізу кезінде Бөлім қызметкерлерінің арасында өздерінің лауазымдық өкілеттілігін лайықсыз орындауға әкеп соғатын өзара жеке қызығушылықтармен болған қарсылықтар анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету:
«Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 4 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
Есепті кезеңде аталған қызмет түрінен келіп түскен өтініштер.
Оның ішінде,
Рұқсат беру функцияларын іске асыру:
«Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.
Бақылау функцияларын іске асыру:
«Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бақылау функцияларын іске асырмайды.
Мемлекеттік органдардың жүргізген тексеру нәтижелері:
Есепті кезеңде мемлекеттік органдардан тексеріс жүргізілді.
Талдау кезінде анықталған өзге де мәселелер:
Бөлім қызметкерлері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сын жарияланымдар болған жоқ.
Қорытынды: Талдау жүргізу кезінде «Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жемқорлық тәуелділігі анықталған жоқ.
Бөлім басшысы А.Зиноллаев
Мемлекеттік сатып алу
секторының меңгерушісі Д.Болат
Бас маман Р.Сигуатова