«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне 2021 жылдың І жарты жылдығының қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша
АНЫҚТАМА
2021 жылғы 09 шілде Аққыстау ауылы
«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және бөлімнің 2021 жылғы 07 шілдедегі №6 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Көрсетілген бұйрықтың 1-тармағына сәйкес «Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобының құрамы:
|
Абилова Гульзада Умирбековна |
|
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі, жұмыс тобының төрайымы |
|
Жұмыс тобының мүшелері: |
||
|
Тулегенова Зухра Дауылбаевна |
|
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі бас маман |
|
Қалиматова Айнұр Қуанышқалиқызы |
|
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бухгалтерлік есеп және есептеу жөніндегі бас маман |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2021 жылдың 07-09 шілде аралығы.
Талдау жүргізілген кезең: 2021 жылдың І жарты жылдығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың мәні:
Талданатын обьект туралы мәліметтер
«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз функциясын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ бөлімнің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы,
Исатай ауданы, Аққыстау селосы, Елорда көшесі-54.
2021 жылдың 1 жарты жылдығы бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталғаны:
09.07.2021 жылға бөлімнің штаттық саны-6 бірлік.
Есепті мерзім бойынша бос жұмыс орындары орын алмады. Бөлім басшысының өзінің жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заңдылықтарға сәйкес аудан әкімдігі арқылы конкурс негізінде жүзеге асырылады.
2021 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік сатып алу барысында мүдделер қақтығысы анықталмады.
Мемлекеттік қызметтер: «Е-акимат», «Е-Собес», «Әлеуметтік көмек», «Еңбек нарығы», «АХАТ ТП» базалары арқылы жүзеге асырылады.
Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету келесідей негізде көрсетіледі: 1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы; 2) Мемлекеттік корпорация арқылы; 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы.
Бөлім бойынша барлығы мемлекеттік қызметтің 27 түрі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
2021 жылдың 1 жарты жылдығында 2043 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді, оның ішінде: көрсетілетін қызметті беруші арқылы 0,669 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы, 372 қағаз түрінде, 1002 қызмет электрондық форматта көрсетілді.
2021 жылдың 1 жарты жылдығында 5 жеке өтініш түсіп, мезгілінде жауаптар берілді. Заңды тұлғадан өтініш түспеді. Жеке тұлғалардан арыздар қағаз жүзінде қабылданып, он сегіз санды уникалдық номері беріле отырып, Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіндегі «Азаматтар өтініштері» бөлігіне тіркеледі және қызмет қорытындылары қағаз жүзінде беріледі.
Талдау кезінде анықталған өзге де мәселелер:
Бөлім қызметкерлері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сын жарияланымдар болған жоқ.
Қорытынды: Талдау жүргізу кезінде «Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жемқорлық тәуелділігі анықталған жоқ.
|
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы |
|
Г.Абилова |
|
|
||
|
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі бас маман |
|
З.Тулегенова |
|
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бухгалтерлік есеп және есептеу жөніндегі бас маман |
|
А.Қалиматова |
|
|
|
|