Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары

Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас    

жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы                      №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Исатай ауданының Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 01.01.2021- 30.06.2021 жылдар  аралығында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.

Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы                  20 маусымдағы  Жер кодексі,  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы                     12 қаңтардағы  N221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, аппаратқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, аппарат бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Аппаратта – 7 мемлекеттік  қызметкер  (әкім-1, бөлім басшысы-1, бас маман - 5) жұмыс жасайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған.

            Көрсетілетін  қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

Аппаратпен барлығы 44 өтініш қаралды оның ішінде (жеке тұлғадан 44, заңды тұлғадан 0). Қамысқала ауылдық округ аппараты арқылы әр түрлі қажеттіліктерге байланысты  55  өкім , 49 шешім шығарылды.

 Бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілеріне қатысты  теріс  материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылықтар  орын алған жоқ.

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырыстарының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №4 хаттаманың 4 тармағының                4.1, 4.2 тармақшасында көрсетілген тапсырмалар бойынша  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиі түсінік жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлықтың көріністері орын алған жағдайда қатаң шаралар алынатынын мекеме қызметкерлеріне түсіндірілді.

Мемлекеттік сатып алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша және Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар, жұмыс барысында қолдану кезінде қатаң бақылауға алу мақсатында Қамысқала ауылдық округінің әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Х.Ерғалиев ауылында И.Шөкетаев, С.Әдиев көшелері бойында орналасқан тұғырларға «Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол»  тақырыбындағы баннерлер орнатылды.

Өткізілген ішкі талдау барысында Қамысқала ауылдық округі әкімі аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 

         Жұмысшы тобының мүшелері:

 

Қаржы және коммуналдық шаруашылық

бөлімінің басшысы                                                            Н.Амиров

 

Бас маман                                                                                     Е.Досалиев

 

 

Келісілді:

 

Қамысқала ауылдық округінің әкімі                                       Р.Тажиденова 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 июля 2021