«ИСАТАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰЩЫҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2021 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЛЫҒЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының талаптарын орындау мақсатында Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №32 өкімімен «Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.
Осы өкімге сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 28.01.2021-09.07.2021 жылғы кезеңдері аралығында жүргізілді.
Атап айтқанда, аталған мерзім аралығында округ әкімімен барлығы - 93, оның ішінде жер туралы заңнамаға қатысты шешім (жеке тұлғаларға -84, заңды тұлғаларға -3) және өкім – 75 (негізгі қызмет -31, жеке құрам-27, демалыс, жаза, іссапар-17) қабылданған. Қабылданған актілер бойынша заң бұзу фактілері анықталған жоқ.
Бекітілген штаттық кесте бойынша 8 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер (әкім, әкім орынбасары, бөлімше басшысы, 5 бас маман) жұмыс жасайды.
Жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғандар және персоналды басқару, бұқаралық ақпарат құралдарында мекеменің мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдардың жариялануы орын алған жоқ. Кадрлардың ауысуы бойынша округ әкімі аппаратының бас маманы М.Низамиқызы бала күтіміне байланысты демалысқа шығып, округ әкімінің орынбасары Кинешов Канатжан Сериккалиевич пен мекеменің бас маман-есепшісі Лұхпанов Аябек Қуандықұлы өз еріктерімен жұмыстан босатылды.
Мүдделер қақтығысы орын алмаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер басқармасына декларацияларды уақытында тапсырған.
Ауылдық округ әкімі аппаратына көрсетілген мерзім ішінде жеке тұлғалардан 38 арыздар мен өтініштер түскен. Олар Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес шешілген.
Мекемеге түскен кіріс және шығыс құжаттары да электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне енгізілу арқылы уақытылы жүргізіліп келеді.
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша заңды тұлғаға -1, жеке тұлғаға – 34;
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке тұлғаға – 7;
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке тұлғаға – 1 қызмет көрсетілді.
«Еgov.kz» порталы арқылы тұрғындарға 73 электрондық цифрлық қолтаңба алынып, басқалай 670 қызмет көрсетілді.
2021 жылдың көктемгі әскерге шақырылушылар саны – 28 адам. Шақыру қағаздары таратылып, округтің бас маманы мен учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, әскерге шақырушыларға Қазақстан Республикасының заңдарындағы нормаларға сәйкес, түсінік жұмыстары жүргізілді.
2021 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша аудандық Жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздарға тіркелгендер саны – 92 адам. Ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданғандар саны – 49 адам.
Ауылдық округ әкімшілігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны қызметкерлер арасында түбегейлі болдырмау мақсатында дөңгелек үстел болды. Бұл жөнінде аудандық «Нарын таңы» газетінің 2021 жылғы 17 маусымдағы №24 санында ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Т.Каримованың «Қоғамға қауіпті кесел» атты мақаласы жарияланды.
«Адал көмек» жобасы аясында 2021 жылдың 1 шілдесі күні округ әкімінің міндетін атқарушы А.Бекішұлы «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» тақырыбында әкімшіліктің әлеуметтік желідегі парақшасының тікелей эфирінде тұрғындармен онлайн кездесті.
Ауылдың орталық көшесіндегі тұғырға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ««Адал көмек» жобасы. Тегін құқықтық көмек. Өз құқықтарыңды қорға!», «Мемлекеттік қызметтерді кезекте тұрмай-ақ egov.kz порталынан электронды түрде алуға шақырамыз» тақырыбындағы және ұлы ойшылдардың бейнесі бейнеленген және ұлағатты сөздері жазылған баннерлер ілінді.
«Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жұмыс тобының құрамы:
А.Бекішұлы
Е.Муханов
Г.Дюсенова
Т.Каримова
Ә.Мұратова