2021 ЖЫЛДЫҢ I ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҒЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУӘЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА.
І.Кіріспе
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.
Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын негізге алып қызмет ету.
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:
«Исатай ауданының Жанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы, Е.Қазақстан-№10, Электронды пошта: isatai.zhanbai@atyrau.gov.kz, телефон нөмірі 8(71231) 25-3-01; 25-3-60.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2021 жылдың І жартыжылдығы.
ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім.
«Исатай ауданының Жанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-аппарат) Жанбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылдың 08 қаңтардағы №3 санды шешімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс тобы құрамы бекітіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау жүргізу кезеңі 2021 жылдың І жартыжылдығы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша төмендегі бағыттарда ішкі талдау жүргізілді: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және мекеменің ұйымдастырушылық –басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 2021 жылдың ІІ жартыжылдығында округ әкімімен жалпы 34 шешім (оның ішінде жеке тұлғаларға-26, заңды тұлғаларға-8) және 51 өкім (жеке құрам, негізгі қызмет бойынша) қабылданды. Қабылданған актілер бойынша заң бұзу фактілері анықталмады. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі бойынша:
4.Бюджет қаржысын игеру:
Аппаратқа жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көздері уақытылы орындау актісіне сәйкес игерілуде. Бюджеттік тапсырыстар беріліп, Мәслихат отырыстарында қаржыға қатысты мәселелер қаралады.
5.Мемлекеттік сатып алу: Жүргізілетін мемлекеттік сатып алу жұмысы заңға сәйкес өткізілуде. Жарияланған электронды конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған мердігер мекемемен бекітілген тәртіп және заң шеңберінде келісім шарттар жасақталды.
6.Рұқсат етілген және бақылау функцияларын жүзеге асыру бойынша Жанбай ауылдық округі әкімі аппаратында 2021 жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Жұмысшы топ мүшелері:
Құрылымдық бөлімше басшысы: Р.Мамешова
Бас маман: Р.Маралова
Бас маман: М.Баркимбаева
Бас маман: Л.Ахмет
Келісілді:
Жанбай ауылдық округінің әкімі Д.Есмуханов