2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттардың ұсынылуы туралы Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының баспасөз релизі

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттардың ұсынылуы туралы

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының

баспасөз релизі

 

10 шілде 2021 жыл                                                                             Аққыстау ауылы.

 

 

2021 жылдың 9 шілдесі сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды.

Аудан  бойынша Аққыстау ауылдық округі әкімдігіне 3 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 2-і (66,6%) – саяси партиялармен, 1-і (33,4%) – өзін-өзі ұсынғандар.

Саяси партиялар Аққыстау ауылдық округі әкімдігіне 2 кандидаттар ұсынды: оның ішінде                 «Nur Otan» – 1 кандидат, «Ауыл» ХДПП – 1  кандидат.

Орташа бәсекелестік 3 адамды құрайды.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың белгіленген заңнамаларға сәкестігін анықтау және оларды тіркеу шаралары жүруде, бұл шаралар                      2021 жылғы 14 шілдеде, сағат 18.00-де аяқталады.

А.ж. 10 шілдесіндегі жағдаймен 3  кандидат тіркелді (100%).  

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 - бабы, 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеудің қорытындылары туралы ресми ақпараттар БАҚ-да жарияланатын болады.

 

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

тел.21104 ,

интернет-сайт: atyrau.gov.kz

Дата публикации
10 июля 2021