Ақпараттық хабарлама
2021 жылғы 02 шілдеде Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат Ғаділ Махуұлы Боранбаевтың («Nur Otan» партиясынан) құжаттары ұсынылды.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімдігіне сайлауға кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 26 маусым мен 09 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.