2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Исатай ауданыауылдық округ әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

Атырау облысы Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

 

 

Исатай ауданы ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 - бабы 6) тармақшасына,                   21 - бабының 4 тармағына, 22 - бабына сәйкес Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

             1.Исатай ауданы ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша:

  • Аққыстау ауылдық округінің шекарасында Аққыстау ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Аққыстау сайлау округі құрылсын.

             2.Сайлау округінің тізімі оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орындары көрсетіліп Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Нарын таңы» газетінде жариялансын.

 

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                             С.Т.Мендибаев  

 

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                             Г.М.Сиранова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аққыстау ауылы,

2021 жылғы 25 маусым

№10

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2021