|
ИСАТАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
ҚАУЛЫ |
ИСАТАЙСКАЯ РАЙОННАЯ ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ
ПОСТАНОВЛЕНИЕ |
|
|
_ 16 сәуір 2021 ж № _05_ Аққыстау ауылы
|
||
2021 жылғы 21 мамырға Атырау облысы,
Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы №148 Заңының 36-1 бабына сәйкес, Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Атырау облысы, Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылдың мамыр айының 21-не тағайындалсын.
2.Ауыл әкіміне кандидаттарды ұсыну - 2021 жылдың сәуір айының 21-нен 27-не дейін;
Әкімдікке кандидаттарды тіркеу - 2021 жылдың сәуір айының 27-нен мамыр айының 6-на дейінгі мерзім белгіленсін.
3.2021 жылғы 21-мамырға тағайындалған Атырау облысы, Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
4.Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес орындалсын.
5.Осы шешім аудан әкіміне және аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.
6.Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Исатай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы С.Мендибаев
Исатай аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Г.Сиранова