Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы

Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскесін

мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84, 85, 86-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы                                1 наурыздағы Заңының 6-тарауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 33, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, «Аққыстау ауылдық округі, Өркен елді мекенінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен бірлескен жеңілдетілген бас жоспары туралы» V-сайланған Исатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы №66-VI шешімі негізінде, Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Өркен елді мекенінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен бірлескен жеңілдетілген бас жоспарын іске асыру мақсатында, меншік иесі Гизатов Шайхы болып табылатын, Аққыстау ауылдық округі, Өркен елді мекені, Болашақ көшесі №5 үй мекен-жайында орналасқан нысаналы мақсаты «өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін», кадастрлық нөмірі - 04-061-001-252, ауданы 0,5642 гектар, жер учаскесінің 0,1488 гектарын ауылішілік жол құрылысын жүргізу үшін, мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
  2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің жүгінетін орны «Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Елорда көшесі, №54А, байланыс телефоны: 7-91-97- деп көрсетілсін.
  3. «Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.Бекмұхамбет) осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей меншік иесіне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да әрекеттерді орындасын.
  4. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кем емес мерзім өткеннен кейін, 2021 жылдың 30 шілдесі болып белгіленсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Сисатовқа жүктелсін.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                                       П.Хасанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Исатай ауданының әкімі

П.Хасановқа

 

Құрметті Полымбет Максимович!

 

Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулы жобасына

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

           Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

Жобаны әзірлеуші

 мемлекеттік орган

«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жобаның құқықтық негіздемесі, мақсаты, күтілген нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84, 85, 86 баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы  1 наурыздағы Заңының 6-тарауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың                                23 қаңтардағы Заңының 33, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, «Аққыстау ауылдық округі, Өркен елді мекенінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен бірлескен жеңілдетілген бас жоспары туралы»                         V-сайланған Исатай аудандық мәслихатының                      2016 жылғы 14 желтоқсандағы №66-VI шешімі негізінде

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

Өркен елді мекенінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен бірлескен жеңілдетілген бас жоспарын іске асыру мақсатында, меншік иесі Гизатов Шайхы болып табылатын, Аққыстау ауылдық округі, Өркен елді мекені, Болашақ көшесі №5 үй мекен-жайында орналасқан нысаналы мақсаты «өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін», кадастрлық нөмірі -               04-061-001-252, ауданы 0,5642 гектар, жер учаскесінің 0,1488 гектарын ауылішілік жол құрылысын жүргізу үшін, мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстарын бастау

Бұл жобаны әзірлеу кезінде мемлекеттен қаражат қарастырылған ба?

Қарастырылмаған

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі

Қажет етпейді

Әкімдіктің және/немесе әкімнің бұрын қабылданған актілері және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтер

Жоқ.

 

 

Исатай аудандық жер қатынастары,

сәулет және қала құрылысы                                                         

бөлімі басшысы                                                                                        Д.Бекмұхамбет

Дата публикации
29 апреля 2021