Азаматтарды қабылдау туралы ақпарат - 2021 жыл, I тоқсан

2021 жылдың бірінші тоқсаны бойынша бірінші басшылардың  қабылдауы  11 рет өткізілді. Қабылдауда барлығы 20 адам болды. Қабылдауда болған 16 тұрғынға заң аясында түсінік беріліп, 4 тұрғынның мәселесі оң шешілді.

Тұрғындар қабылдауға  жазылғандағы негізгі мәселелері тұрғын үй, жол құрылысы, тұрақты жұмысқа орналасу.

Аудан әкімдігінің әлеуметтік желілері (instagram, facebook, telegram) арқылы өтініштерді қабылдау, жеке қабылдауға жазылу, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтар бойынша ақпараттық материалдарды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Жауапты маман тұрақты мониторинг жасап отырады.

Мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурсына (www.gov.kz)  жеке және заңды тұлғалар  өздерін толғандырған мәселелері бойынша заң шеңберінде аудан әкімі блогы арқылы  түсінік алу мүмкіндіктері ұйымдастырылуда.

Дата публикации
22 апреля 2021