«ИСАТАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰЩЫҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2020 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЛЫҒЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының талаптарын орындау мақсатында Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы №8 өкімімен «Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.
Осы өкімге сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 13.07.2020-27.01.2021 жылғы кезеңдері аралығында жүргізілді.
Атап айтқанда, аталған мерзім аралығында округ әкімімен барлығы - 32, оның ішінде жер туралы заңнамаға қатысты шешім (жеке тұлғаларға -26, заңды тұлғаларға -1) және өкім – 88 (негізгі қызмет -24, жеке құрам-27, демалыс, жаза, іссапар-37) қабылданған. Қабылданған актілер бойынша заң бұзу фактілері анықталған жоқ.
Бекітілген штаттық кесте бойынша 8 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер (әкім, әкім орынбасары, бөлімше басшысы, 5 бас маман) жұмыс жасайды.
Жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғандар және персоналды басқару, бұқаралық ақпарат құралдарында мекеменің мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдардың жариялануы орын алған жоқ. Кадрлардың ауысуы бойынша мекеменің бас маман-есепшісі болып Лұхпанов Аябек Қуандықұлы тағайындалды.
Мүдделер қақтығысы орын алмаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер басқармасына декларацияларды уақытында тапсырған.
Ауылдық округ әкімі аппаратына көрсетілген мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардан 86 арыздар мен өтініштер түскен. 74 арыздар мен өтініштер Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес шешілсе, 1-і Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 43-бабының 3-тармағына сәйкес мерзімі ұзартылған.
Мекемеге түскен кіріс және шығыс құжаттары да электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне енгізілу арқылы уақытылы жүргізіліп келеді.
«Еgov.kz» порталы арқылы тұрғындарға 202 электрондық цифрлық қолтаңба алынып, басқалай 903 қызмет көрсетілді.
2020 жылдың күзгі әскерге шақырылушылар саны – 56 адам. Шақыру қағаздары таратылып, округтің бас маманы мен учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, әскерге шақырушыларға Қазақстан Республикасының заңдарындағы нормаларға сәйкес, түсінік жұмыстары жүргізілді.
2020 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша аудандық Жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздарға тіркелгендер саны – 77 адам. Ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданғандар саны – 41 адам.
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау үшін және «1424» колл-орталығын жан-жақты ақпараттандыру мақсатында арнайы дайындалған 500 дана жадынама халық көп шоғырланатын жерлерге ілініп, таратылды.
«Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жұмыс тобының құрамы:
М.Утегалиев
Қ.Қинешов
Г.Дюсенова
Т.Каримова
Ә.Мұратова