«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

 

2021 жылғы  20 қаңтар                                                                                           Аққыстау ауылы

 

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» Исатай ауданы әкімінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №3 шешіміне сәйкес жүргізілді.

 

Көрсетілген шешімнің 1-тармағына сәйкес «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобы құрылды.

 

 

Жұмыс тобының құрамы:

Муканов Рашид Тасанұлы

-

аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының төрағасы.

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Амиров Серік Ибрагимұлы

-

аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінің басшысы;

 

Бозбалиев Нұрасбек Рахатұлы      

-

аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы;

 

Құрасова Мейрамгүл Күнтуғанқызы

-

аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы;

 

Сейтжанова Салтанат Жолдыбайқызы

-

аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы;

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2021 жылдың  18-20 қаңтар аралығы.

 

Талданатын мерзім: 2020 жылдың екінші жарты жылдығы.

 

Талданатын объект туралы мәлімет:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі №11 үй, тел. 8-71-231-2-02-94, 2-04-87.

 

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әкім аппараты-жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда), әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.

Заңның 38-бабына сәйкес әкім аппараты жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Исатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 қарашадағы №206 қаулысымен бекітілген «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды.

  • «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік  құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Есепті кезеңде Исатай ауданы әкімдігімен 129-қаулы, Исатай ауданы әкімімен                  46-шешім, 133 өкім қабылданды.

Атырау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен қолданыстағы құқықтық актілер саны – 1. Исатай ауданы әкімінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №51 шешімі, әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қарашадағы №4787 тіркеуден өтті.

Көрсетілген құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Атырау облысы Әділет  департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткен қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге қатысты Прокуратура және Әділет органдары тарапынан ұсыныстар мен наразылықтар түскен жоқ.

 «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штат саны бойынша                    17 мемлекеттік қызметші. Есепті кезеңдегі мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 17.

Есепті кезеңде жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің саны-3.           (1. М.Насихатқызы-аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маман - заңгері (уақытша бала күтіміндегі негізгі қызметкердің орны) 01.07.2020 ж. №125 ө.,

  1. Д.Еркін аудан-әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (тұрақты орын) 08.10.2020 ж. №182 ө.,
  2. Ә.Жамбылова-аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы (тұрақты орын) 02.12.2020 ж. №228 ө),

Есепті кезеңде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлердің саны-1. (А.Талғатқызы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы 26.10.2020 ж. №196 ө., өз өтініші бойынша жұмыстан босатылған).

            Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Жыл  сайынғы еңбек  демалысына барлық мемлекеттік қызметші жіберілген.   Аудан әкімінің 2020 жылғы 08 сәуірдегі №58 өкімімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары келісілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ. Өз қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін ІІ жартыжылдықта 2 мемлекеттік қызметшіге (аудан әкімінің орынбасары Е.Абилхасимов, А.Талғатқызы) 2020 жылдың 02 шілдедегі №127 өкімімен,    2020 жылдың 09 қыркүйектегі №165 өкімімен «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданылған, 1 мемлекеттік қызметшіге (аудан әкімінің орынбасары Н.Абежан)                        2020 жылдың 12 қарашасындағы №209 өкімімен «сөгіс» түрінде тәртіптік шара қолданылған және 2 мемлекеттік қызметшіге (аудан әкімінің орынбасары Е.Абилхасимов, аудан әкімінің орынбасары Б.Сисатов) 2020 жылғы 23 қазандағы №192, №193 өкімдерімен «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік шарасы қолданылған.

Ағымдағы жылдың 15 шілдеге дейін қағаз тасымалдағышта, электрондық түрде ағымдағы жылдың 15 қыркүйекке дейін мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының 2020 жылы алынған кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыру міндетті болып табылатындығы ескертілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

 

Мүдделер қақтығысын реттеу:

Ішкі талдау жүргізу кезінде Аппарат қызметкерлерінің арасында өздерінің лауазымдық өкілеттігін лайықсыз орындауға әкеп соғатын өзара жеке қызығушылықтарымен болған қарсылықтар фактісі анықталған жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетпейді.

 

Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

 

Бақылау функцияларын іске асыру:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бақылау функцияларын іске асырмайды.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Есепті кезеңде Исатай ауданы әкімінің атына 70 (жеке тұлғадан-49, заңды                 тұлғадан-21) өтініш келіп түскен. Аудан әкімінің қабылдауы есепті кезеңде 6 рет өткізілді. Қабылдауға келеген тұрғындар саны – 12. 3 мәселе оң шешілді, 9 мәселеге заң аясында түсініктер берілді. Исатай ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алу және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне жүктелген.

Тұрғын үй мәселесі бойынша 9 өтінішке түсінік берілді, жер мәселесі бойынша             10 өтінішке түсінік берілді, әлеуметтік көмек мәселесі бойынша 2 өтінішке түсінік берілді,   жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 1 өтінішке түсінік берілді, жол мәселесі бойынша 10 өтінішке түсінік берілді, білім саласы бойынша 2 өтінішке түсінік берілді, кәсіпкерлік мәселесі бойынша 1 өтінішке түсінік берілді, тағыда басқа әр түрлі мәселелерге байланысты 35 өтінішке түсінік берілді.

 

Прокурорлық кадағалау актілері:

Есепті кезеңде прокурорлық қадағалау актілері түспеген.

 

Сот актілері:

2020 жылғы 20 желтоқсандағы Исатай ауданы әкімінің «ЖайыкГазСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 наурыздағы №52 қаулысының күшін жою туралы азаматтық іс.

2020 жылғы 29 желтоқсанда Азаматтық іс жүргізу кодексінің 277 тармағының                    1) тармақшасына сәйкес азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.

 

Талдау кезінде анықталған өзге де мәселелер.

Аппарат қызметкерлері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сын жарияланымдар болған жоқ.

 

Қорытынды: Талдау жүргізу кезінде «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жемқорлық тәуелділігі анықталған жоқ.

 

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы

 

Р.Муканов                                          

Аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінің басшысы

 

                                                    

                                      С.Амиров                                          

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы

 

 

 

Н.Бозбалиев

Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім   басшысы

                                        

                                          М.Құрасова

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы

       

                                      

С.Сейтжанова

 

Дата публикации
03 февраля 2021