2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі

Исатай ауданы бойынша 2020 жылдың  12 айы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша ақпарат

Аудандық әкімдікте 7 ауылдық округ әкімінің аппараттары және        7  құрылымдық бөлімдер арқылы 68 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. (6 стандарт бойынша қағаз жүзінде, 16 қызмет балама, 46 қызмет электронды форматта). Аталған қызметтердің 45-і, яғни 66% автоматтандырылған (толықтай/ішінара).

        2020 жылдың 12  айы бойынша барлығы 11046 (2019 жылдың есепті кезеңінде 9567 қызмет) мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация  арқылы  2418(21,8%) (2019 жылдың есепті кезеңінде 1894(19,7 %), «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы   7172 қызмет (64,9%) (2019 жылдың есепті кезеңінде 6474 (67,6%)қызмет),  мемлекеттік органдарда   313(2,8%)   (2019 жылдың есепті кезеңінде 527(5,5%)), баламалы түрде көрсетілгені  1143 (10,3%) (2019 жылдың есепті кезеңінде 672(7%)).

        Электронды түрде мемлекеттік қызметтер көрсету барысында қолданыстағы ақпараттық жүйелер:

  • «Е-әкімдік»(білім бөлімі, ТКШ ЖК және АЖ бөлімі, );
  • «Е-лицензиялау»(ЖҚ, С және ҚҚ бөлімі, АШ және кәсіпкерлік бөлімі, ТКШ ЖК және АЖ бөлімі);
  • «Е-АХАТП»(ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі);
  • «Е-ORDA»(білім бөлімі);
  • «Nur-baspana»(ТКШ ЖК және АЖ бөлімі);
  • «Интегро» (білім бөлімі)
  • «Е-собес» (ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі)

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен ашықтығын насихаттау мақсатында әлеуметтік желілерге және бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жарияланды (28 мақала, 60 әлеуметтік желідегі жариялау,  2 жиналыс өтті).

 

 

Дата публикации
01 февраля 2021