VII шақырыған Исатай аудандық мәслихаты депутаттарының
кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама
2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Исатай аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 16565 азамат енгізіліп, олардың 11819-ы немесе 71,35% сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 11722 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 8 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 340 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:
«Nur Otan» партиясы - 9028 дауыс, немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 79,14 % -ын құрайды;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 881 дауыс, немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,72%;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 905 дауыс, немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,93% ;
«ADAL» саяси партиясы – 594 дауыс, немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,21%.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар былай бөлінді:
«Nur Otan» партиясы - 9 мандат;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -1 мандат;
«Ақ жол»Қазақстанның демократиялық партиясы -1 мандат.
Исатай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы С.Мендибаев