2020 жылдың 12 айы бойынша қабылданған өтініштер туралы ақпарат

Исатай ауданы бойынша 2020 жылдың 12 айы бойынша (1 қаңтар-31 желтоқсан аралығы) барлығы -878 өтініштер келіп түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан - 752, заңды тұлғалардан -126. Жеке және заңды тұлғалар өтініштері бойынша қанағаттандырылған мәселелер:

         Жұмыспен қамту мәселесі-2, әлеуметтік бір жолғы көмек-31, жер мәселесі- 224, тұрғын үй коммуналдық мәселе газ, су, жылу-1, тұрғын үй -3(жатақханамен көмектесу), барлығы -261 өтініштер қанағаттандырылды.

 

Аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарларының  және аудан әкімі аппараты басшысының тұрғындарды қабылдау туралы кестесі аудандық «Нарын таңы» газетіне тоқсан сайын жарияланып отырылады. Сондай-ақ Мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурсына (www.gov.kz)  аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысының және ауылдық округ әкімдері мен құрылымдық бөлім басшыларының қабылдау кестесі жарияланғандығын қаперіңізге береді. Қазіргі таңда елдегі төтенше жағдайға байланысты қабылдау онлайн түрінде өткізілуде.

2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша бірінші басшылардың  қабылдауы  32 рет өткізілді. Қабылдауда барлығы 46 адам болды. Қабылдауда болған 30 тұрғынға заң аясында түсінік беріліп, 16 тұрғынның мәселесі оң шешілді.

Оның ішінде (тұрғын үй -3, жер мәселесі-2, жол мәселесі-1, әлеуметтік көмек-1, коммуналдық шаруашылық-2, денсаулық-1,кәсіпкерлік-1, т.б мәселелер-5).

Аудан әкімдігінің әлеуметтік желілері (instagram, facebook, telegram) арқылы өтініштерді қабылдау, жеке қабылдауға жазылу, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтар бойынша ақпараттық материалдарды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Жауапты маман тұрақты мониторинг жасап отырады.

Мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурсына (www.gov.kz)   жеке және заңды тұлғалар  өздерін толғандырған мәселелері бойынша заң шеңберінде аудан әкімі блогы арқылы  түсінік алу мүмкіндіктері ұйымдастырылуда.

 

 

           

 

Дата публикации
06 января 2021