Исатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуының статистикалық мәліметтері

 

Аудан әкімі – Мурзиев Марат Бисенғалиұлы,  2017 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істейді.

Аудан 1928 жылы құрылды, аумағы – 14,7 мың шаршы шақырым.

2020 жылдың 1 шілдесінде ауданның халық саны    27,9  мың адамды құрады.

Аудан құрамына 7 ауылдық округ, 16 ауылдық елді мекендер кіреді.

 

Әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

     Көрсеткіштер

2018ж.

2019ж.

 

1.07.2020ж.

 

%

Өнеркәсіп өнімінің көлемі,

млн.теңге

46 731,0

178 218,0

53 021,0

92,7

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн.теңге

6 391,9

6 393,6

2 638,5

100,3

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі,млн.теңге

15 897,0

36 537,0

4 161,0

15,7

Орташа айлық  еңбекақы*, теңге

238 570

253 489

308 715

121,7

 

 

Исатай ауданының 2020 жылдың

қаңтар – маусым айлары  бойынша

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Өнеркәсіп
2019 жылдың 1 шілдесінде өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемі 87 365 млн. теңгені құраса, 2020 жылдың 1 шілдесінде 53 021 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі –       92,7 пайызды құрап отыр.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі  2020 жылы 1 шілдесінде           2 638,5 млн.теңгені құрап(1.07.2019 жылы – 2 512,4 млн теңге), нақты көлем индексі 100,3 пайыз.
Аудан бойынша 3 400,7 тонна ет өндірілді немесе 2019 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда  101,3 пайызды (1.07.2019 жылы - 3 357,2 тонна),  сүт – 2 721,2 тонна немесе  95,9 пайызды құрады (1.07.2019 жылы-2 838,7 тонна), жұмыртқа – 72,4 мың дана (100%).

2020 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен мүйізді ірі қара мал басы        22 402 бас немесе  2019 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда  107,4  пайызды құрады, қой мен ешкі – 41 115 бас (103,8%), жылқы – 20 838 бас (111,3%), түйе – 8 703 бас (101,7%).

Инвестициялық қызмет

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 4 161,0 млн.теңгені құрады(1.07.2019 жылы-25 782,0 млн теңге), нақты көлем индексі –15,7%.

Ауданда 5 206 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл 2019 жылдың тиісті меріміне 58,7%.

  Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 886,0 млн теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті мерзіміне 122,5%.

Қаржы

2020 жылдың 1 шілдесіне мемлекеттік бюджетке 1 956,0 млн.теңге түсті (болжамға 125,8%), соның ішінде жергілікті бюджетке – 1 791,1 млн.теңге (болжамға 132,6%).

Кәсіпкерлік

2020 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысымен 1 939 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен  93,9 пайыз. Оның ішінде белсендісі         1 658 адам.

Еңбек нарығы

2020 жылы 1 шілде жағдайына жұмыссыздар саны    617 адамды құрады, бұл        2019 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 5,2 пайызға өскен. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,7%.

Есепті мерзімде жұмысқа 402 адам орналастырылды, бұл 2019 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 112,6 пайыз, ақылы қоғамдық жұмыстарға –402 адам жіберілді.

Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар 130 отбасы, 792 адамды құрап, өткен жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 44 пайызға төмендеп отыр (1.07.2019ж-232 отбасы, 1 413 адам).

Дипломмен ауылға

2020 жылы аудан бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келетін әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 3 маманға 12,5 млн. теңге көлемінде бюджеттік кредит, бұған қоса 15 маманға 4,1 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлену жоспарлануда.

Денсаулық сақтау

Аудан бойынша денсаулық сақтау саласының мемлекеттік желісі құрамын                   1 аудандық емхана, 4 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 3 медициналық пункт  құрайды.

Демографиялық көрсеткіштерге тоқталсақ, туу көрсеткіші 10,1-ды құрап,             103,2 пайызға көбейген (1.07.2020ж  - 254 сәби дүниеге келген, 1.07.2019 ж -                  246 сәби), өлім көрсеткіші 3,2-ды құрап, 2019 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 102,5 пайызға өскен  (1.07.2020ж -81 адам қайтыс болды, 1.07.2019ж-79 адам),                 1 жасқа дейінгі сәбилер өлімі көрсеткіші  11,8 құрап,     2019 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 100 пайыз (1.07.2020 ж -3 сәби қайтқан, 1.07.2019 ж  -3 сәби).

Тұрғындардың алғашқы аурушылығы көрсеткіші   4 283,4 болып,  3 пайызға төмендеді (1.07.2020 ж  –  1 076 адам, 1.07.2019ж- 1 109 адам), туберкулезбен алғашқы аурушылық көрсеткіші 119,6 құрады, 16 пайызға төмендеген (1.07.2020 ж -5 адам, 1.07.2019 ж-   6 адам)

Білім беру

Ауданда 15 жалпы білім беретін мектеп, 12 балабақша, 12 шағын орталық,                 5 мектептен тыс мекеме және №4 психологиялық-медициналық-педагогикалық  түзету кабинеті  жұмыс істейді.

Қылмыс

2020 жылдың І жартыжылдығында аудан аумағында барлығы 23 қылмыс тіркеліп (2019 жылдың І жартыжылдығында 29), өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 20,7 пайызға төмендеген.

 

Дата публикации
30 декабря 2020