Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары
2026 жылғы 27 қыркүйекте Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-бабына сәйкес, Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:
Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 698 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 365. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 20. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 8.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
|
А.Т.Абуовқа |
217 |
|
А.Қ.Лұхпановқа |
57 |
|
С.Ж.Шагировқа |
78 |
Нарын ауылдық округінің әкімі болып «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігі Атырау облысы Исатай аудандық филиалынан ұсынылған Абуов Аскар Тулегенович 1976 жылы туған, «Исатай ауданының Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі, Атырау облысы Исатай ауданы Нарын ауылдық округі Нарын ауылының тұрғыны сайланды.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы