Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес, Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркегендігі туралы хабарлайды:
Абуов Аскар Тулегенович 1976 жылы туған, әкім, «Нарын ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Исатай ауданы Нарын ауылының тұрғыны, «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігі Атырау облысы Исатай аудандық филиалынан ұсынылған.
Лұхпанов Аябек Қуандықұлы 1992 жылы туған, әкім орынбасары, «Аққыстау ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Исатай ауданы Тұщықұдық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Шагиров Саябек Жаныбекович 1977 жылы туған, драма үйірме жетекшісі, Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы