Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну және тіркеу қорытындылары туралы Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Хабары

14 желтоқсан 2020 жыл     Аққыстау ауылы

 

Алдағы сайлау науқанында Исатай ауданындық мәслихатының 11 депутаты сайлануға тиіс.

Кезекті сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттарына кандидат ұсыну 2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18-де аяқталды.

Мәслихаттарға партиялық тізімдерді тіркеу 2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де аяқталды.

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 4 саяси партиядан 4 партиялық тізімдер (30 кандидат) ұсынылды:

  • «NurOtan» партиясынан 22 кандидат;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 3 кандидат;
  • «АқЖол» демократиялықпартиясынан 3 кандидат;
  • «ADAL» саяси партиясынан 2 кандидат.

Саяси партиялар мен тиісті құжаттар «Сайлаутуралы» Конституциялық Заңға сәйкес ұсынылды.

Партиялық тізімдерде әйелдер мен 29-жасқа толмағандардың саны – 13 адам, яғни 30-пайыздық квота сақталынды.

Кандидаттардың арасында ең жасы – 21-де, «ADAL» саяси партиясының өкілі.

Сайлау комиссиялары тиісті уәкілетті органдармен бірлесіп партиялық тізімдерде енгізілгендердің Конституцияға және Конституциялық Заңның талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырды.

Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияға және Конституциялық Заңның талаптарына сәйкес келеді.

Конституциялық Заңға сәйкес, барлық саяси партиялармен сайлау жарналары енгізілді.

30 кандидаттың партиялық тізімдері тіркелді: 

«NurOtan» партиясынан - 22 кандидат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан – 3 кандидат;

«АқЖол» демократиялық партиясынан - 3 кандидат;

«ADAL» саяси партиясынан - 2 кандидат.

Партиялық тізімдерді тіркеу туралы мәліметтер кандидат пен оның жұбайы жариялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін уәкілетті органдарға жіберілді. Нәтижесінде айырмашылық жоқ екендігі жөнінде жауап алынды.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттығына партиялық тізімдер бойынша кандидаттарды тіркеу туралы хабарлар atyrau.gov.kz интернет сайтының «сайлау» бөлімінде жарияланған.

Ұсыну мен тіркеу кезеңінде арыз-шағымдар түскен жоқ.

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 декабря 2020