2020 жылдың 11 айында азаматтардан қабылданған өтініштер есебі

Исатай ауданы бойынша 2020 жылдың 11 айы бойынша (1 қаңтар-30 қараша аралығы) барлығы -827 өтініштер келіп түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан - 714, заңды тұлғалардан -113. Жеке және заңды тұлғалар өтініштері бойынша қанағаттандырылған мәселелер:

         Жұмыспен қамту мәселесі-2, әлеуметтік бір жолғы көмек-31, жер мәселесі- 217, тұрғын үй коммуналдық мәселе газ, су, жылу-1, тұрғын үй -3(жатақханамен көмектесу), барлығы -254 өтініштер қанағаттандырылды.

 

Аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарларының  және аудан әкімі аппараты басшысының тұрғындарды қабылдау туралы кестесі аудандық «Нарын таңы» газетіне тоқсан сайын жарияланып отырылады. Сондай-ақ Мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурсына  (www.gov.kz)  аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысының және ауылдық округ әкімдері мен құрылымдық бөлім басшыларының қабылдау кестесі жарияланғандығын қаперіңізге береді. Қазіргі таңда елдегі төтенше жағдайға байланысты қабылдау онлайн түрінде өткізілуде.

2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша бірінші басшылардың  қабылдауы  31 рет өткізілді. Қабылдауда барлығы 45 адам болды. Қабылдауда болған 30 тұрғынға заң аясында түсінік беріліп, 15 тұрғынның мәселесі оң шешілді.

Оның ішінде (тұрғын үй -3, жер мәселесі-2, жол мәселесі-1, әлеуметтік көмек-1, коммуналдық шаруашылық-2, денсаулық-1,кәсіпкерлік-1, т.б мәселелер-4).

Аудан әкімдігінің әлеуметтік желілері (instagram, facebook, telegram) арқылы өтініштерді қабылдау, жеке қабылдауға жазылу, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтар бойынша ақпараттық материалдарды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Жауапты маман тұрақты мониторинг жасап отырады.

Атырау облысы әкімдігінің ресми-интернет (www.gov.kz)  ресурсында жеке және заңды тұлғалар  өздерін толғандырған мәселелері бойынша заң шеңберінде аудан әкімі блогы арқылы  түсінік алу мүмкіндіктері ұйымдастырылуда.

 

Дата публикации
07 декабря 2020