ИСАТАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША 2025 ЖЫЛЫ КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ИСАТАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША 2025 ЖЫЛЫ КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

Ауданның жергілікті атқарушы органдары мен 50 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Аталған қызметтердің 44-і электронды түрде, яғни 88 пайыз автоматтандырылған (толықтай/ішінара).

Есепті мерзімде 2206 мемлекеттік қызмет көрсетілген, соның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 413, электронды түрде («электрондық үкіметтің» веб-порталы және басқа да ақпараттық жүйелер арқылы) 1449, қағаз жүзінде көрсетілген қызметтер 344.

Есепті мерзімде аудандық қоғамдық кеңестің 2025 жылғы
31 наурыздағы отырысында Исатай, Зинеден ауылдық округі әкімдерінің, 2025 жылғы 26 мамырдағы отырысында Жанбай, Нарын ауылдық округі әкімдерінің және 2025 жылғы 27 маусымдағы отырысында Қамысқала, Тұщықұдық ауылдық округі әкімдерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Исатай аудандық бөлімінің мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша есептері тыңдалып, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары талаптарын қатаң сақтау, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу тапсырмалары берілген.

Аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушының 2024 жылғы 10 желтоқсандағы №57 бұйрығымен бекітілген Исатай ауданының атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Есепті мерзімде 12 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Ішкі бақылау жұмыстары нәтижесінде көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтамау, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде келіп түскен өтінішті уақытылы тіркеу мерзімін бұзу, жұмыс уақытын сақтамау , мемлекеттік қызмет көрсету барысында лауазымды тұлғалардың іссапарда немесе еңбек демалысы кезінде ЭЦҚ-ы қолданылған және дәлелсіз бас тарту, құжаттары толық емес өтінішке шешім шығару фактілері анықталып, акт жасақталды.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 21 қаңтарда аудан әкімімен Исатай ауданы әкімдігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы барлық жергілікті қызмет алушыларды ақпараттандыру жөніндегі 2025 жылға арналған медиа жоспары бекітілген болатын. Аталған медиа жоспарға сәйкес аудандық «Нарын таңы» газетіне 11 мақала жарияланып, әлеуметтік желілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде  ақпараттар таратылды, 11 тікелей эфир өткізіліп, 3 әдістемелік ақпараттар мен буклеттер дайындау және тарату жұмыстары және ауданда 1 онлайн ашық есік күні өткізілді.

 

Дата публикации
24 апреля 2026