GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Все материалы
30 апреля 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін ішкі талдау жүргізіледі

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына жол беретін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында 2024 жылға арналған ішкі талдау жүргізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15-29 мамыр аралығында "Исатай ауданының Жанбай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

28 марта 2024
Бала асырап алу ұлттық агенттігі
15 марта 2024
Қайырымдылық – адам жанының нұры

Қайырымдылық – адам жанының нұры.Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек болып табылады.Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі.

 

14 марта 2024
14- Наурыз Көрісу Мерекесі !

Құрметті ауыл тұрғындары!
Сіздерді ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі бастау алатын алғашқы кезеңі -Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Береке мен бірлікті, татулық пен тірліктің танымына айналған бұл дәстүр жыл сайын халық сағына күтетін бірден-бір салтқа айналып келеді. Бұл күні көрісіп болған соң әр адамға түрлі дәмдер ұсынылып, «Бір жасыңмен!» деген ақжарма тілек айтылып жатады. Бұның астарында “Шүкір,қыраулы қыстан шығып,көктемге аман-сау жеттік”деген ниеттен туындаған тілек,басқаларына білдірілген бата іспетті.

Сіздерді жанымызға жақын ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесі қарсаңында ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл-күй, әр отбасына амандық, еңбектеріңізге береке тілеймін!Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,ынтымағымыз ырысты болсын!
Игі тілекпен: Жанбай ауылдық округінің әкімі Д.Есмуханов.

13 марта 2024
"Ауыл аманаты" жобасын тұрғындарға түсіндіру

2024 жылдың 13 наурыз күні «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының төрағасы Е.Доскалиев және Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қ.Мағазов ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие алуға, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болатындығын, сонымен қатар жинақтайтын құжаттарына тоқталып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында ауыл тұрғындарымен жеке қабылдау өткізілді.

01 марта 2024
1 наурыз - "Алғыс айту күні"

Елімізде 2016 жылдың 14 қаңтарынан бастап 1 наурыз- «Алғыс айту күні» деп жарияланды.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған салтанаты күн

 

 

27 февраля 2024
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде

Қазақстан Республикасы Премер-Министрінің орынбасары С.Жұмағариннің төрағалығымен өткен ауылшаруашылығы статистикасы мәселесі жөніндегі кеңестің хаттамасына сәйкес Жанбай ауылдық округі әкімдігінің мамандары жергілікті ветеринария мамандарымен бірлесіп, аулаларды аралау, дерекқор базаларында артық тіркелген мал басын есептен шығару, шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындардың мал басын нақтылау, сондай-ақ, электронды шаруашылық бойынша есепке алу және ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасында тіркелген тұрғындардың мал басын түгендеу, ауылдық округтегі дерекқор базасымен бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде.

12 февраля 2024
Жаяу жүргінші жолы қардан тазартылды

Жанбай ауылы бойынша  жаяу жүргінші жолы қардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы