Хабарландыру

2025 жылдың 13 маусым күні сағат 16-00 де  Жанбай  ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысы өтеді.

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1.Жерлесіміз Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз»,         «I-дәрежелі Отан соғысы», «ІІІ-дәрежелі Даңқ» ордендері, майдан   командашысы-Маршал Коневтің, команда мүшесі генерал лейтенат Крайнюковтің, штаб бастығы, генерал полковник Маландиннің мақтау грамотасымен марапатталған. Бұдан басқа Берлинге 80 км қалғанда командованиенің мінездеме хаты, Висла өзені бойындағы Сандомир қаласын азат етудегі мақтау грамотасы, Эльба өзенінен өтудегі мақтау грамотасымен мараппатталған ҰОС-ның ардагері  Жиенғазиев Жұмағазы есімін есте қалдыру мақсатында Жанбай ауылынан көше есімін беру туралы;

2.Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін «За доблестный труд в Великой Отечественной Войне 1941-1945» «За доблесть и отвагу в Великой Отечественной Войне», «Двадцать лет победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945», «За победу над Германией Великой Отечественной Войне 1941-1945», «Сорок лет победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945», «Ветеран труда», «Медаль Маршала Советского Союза Жукова Г.К» бірнеше құрмет грамоталарымен марапатталған ҰОС-ның ардагері  Әбілов Шапағат есімін есте қалдыру мақсатында Жанбай ауылынан көше есімін беру туралы;

3.Соғыс жылдарында 376 запастағы атқыштар полкінде бөлімше командирінің көмекшісі және бөлімше командирі қызметін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін  медальдармен марапатталған Құбашев Қайырғали есімін ұлықтау мақсатында Жанбай ауылынан көше есімін беру туралы.

  1. Басқа да мәселелер туралы.

     Өтетін орны: Жанбай ауылдық округінің ғимараты.

                Жанбай ауылдық округі әкімі аппараты

Дата публикации
14 мая 2025