Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қамысқала ауылдық округі бойынша  2025 жылдың  13 маусым күні сағат 11:00-де жергілікті қоғамдастық жиналысы  болады.

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

  1. Жерлесіміз, Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз», ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендері, «Ерлігі үшін» медалі және Рига қаласы үшін кескілескен ұрыстарда көрсеткен өжеттілігі мен батылдығы үшін Кеңестер одағының  Маршалы жоғарғы бас қолбасшы Сталиннің «Алғыс хаты», соғыстан кейінгі жылдары ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені, Кеңес Одағының  Маршалы Г.К. Жуков медалі, Белоруссия мен  Украйнаның  неміс – фашист  басқыншыларынан  азат  болуының  60  жылдық   медалі, Ұлы Жеңістің 60-жылдық мерекесіне Белорусь Республикасының Президенті А. Лукашенканың «Құттықтау хатымен» марапатталған ҰОС-ның ардагері Қабиев Ғатау есімін есте қалдыру мақсатында Х.Ерғалиев ауылынан көше есімін беру туралы;
  2. Жерлесіміз, КСРО ІІМ «Мінсіз қызметі үшін» медалінің  үш дәрежелі иегері, «Кеңес Одағы милиция қызметінің үздігі», «Лучший работник Госавтоинспекции»  төс белгілерінің  иегері, «За отличную  службу по  охране общественного порядка», «Ветеран труда», «Настольный медаль» медальдарының  иегері,  Облыстық ІІБ-де  ұзақ  жылдар еңбек еткен полиция  қызметкері  Қабышев Мақсот Қабышұлының есімін есте қалдыру мақсатында Х. Ерғалиев ауылынан көше есімін беру туралы;
  3. Өзге де мәселелер туралы.

   Өтететін орны: Қамысқала ауылдық округі әкімдігі ғимараты.

 

    Қамысқала ауылдық округі әкімі аппараты.

Дата публикации
14 мая 2025