Жалпы әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, оның еңбек нарығында да өз рөлін атқарып отырғаны көпке мәлім, әсіресе жұмысшылар мен жұмыс берушілердің еңбек қатынасында туындаған өзгерістер - жұмыс режимінің бұзылуы және оған қоса жалақы мөлшерінің өзгеруі немесе уақтылы еңбекақы төлемеуі.
Алайда, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын, оның ішінде еңбекақы төлеу жүйесіне кедергі болмауы қажеттігін білген жөн.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 113 бабында жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген:
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдер бұзылған жағдайда жұмыс беруші жұмыскерге берешек және төлем кідіртілген кезең үшін өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен басталып, төлем жасалған күнмен аяқтала отырып, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады.
Егер жұмыс берушімен еңбекақы бойынша заң бұзушылық анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінің 87 бабына сәйкес жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылады: лауазымды тұлғаға 30 АЕК немесе 87 510 теңге, кіші немесе коммерциялық емес субъектілерге 60 АЕК- 175020 теңге, орта кәсіпкерлікке 100 АЕК-291700 теңге, ірі кәсңпкерлікке 150 АЕК- 437550 теңге айыппұл салынады.
Ресми статистикаға жүгінетін болсақ, облыста жұмыс істеп тұрған 13,7 мың кәсіпорындар мен мекемелерде 179 мың жұмысшы қызмет атқарады. Бұл ретте Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауда ауқымды жұмыстар атқарып келеді.
Ағымдағы жылыдың 10 айы қорытындысымен 76 кәсіпорында 1384 жұмыскердің алдында жалпы сомасы 387.5 млн. теңгеге жалақы бойынша берешегі қалыптасқан болатын.
Ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде 1 355 жұмысшының еңбек құқықтары қорғалып 73 кәсіпорынан 372,8 млн. теңге еңбекақылары өндірілді.
Қазіргі уақытта, 3 мекемеден (Optimal Veld Service" -11 жұм. 2.1 млн., "Gruppo RF Kazakhstan"- 30 жұм. 3 млн., Казпромставба – 16 жұм. 9,5 млн.,), 57 жұмысшыға 14,7 млн. теңге жалақы өндіру жұмыстары мүдделі мемлекеттік органдармен және жеке сот орындаушылармен мәжбүрлі түрде орындалуда, яғни жұмыс берушіге берілетін мемлекеттік еңбек инспекторы ұйғарымының мәртебесі сот орындаушысының бұйрығына теңестірілгенін атап өту қажет. Бұл жалақы бойынша берешекті уақтылы өтеуді күшейту мақсатында жасалды. Бұл шара есеп-шоттар мен мүлікке қосымша тыйым салуға, жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзатын жұмыс берушілерге қатысты елден шығуға шектеулер енгізуге мүмкіндік береді. Бұған қоса Еңбек тәуекелі картасы аясында уәкілетті органдармен жұмысшылардың босатылу қаупі бойынша апта сайын мониторинг жүргізіліп отыр. Еңбек қатынастарын реттеудің қолданыстағы жүйесі жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы мүдделер теңгерімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Еңбекақыны уақтылы беру, еңбек дауларының алдын алу, өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмау шараларын қабылдау бойынша Атырау облысы әкімінің үшжақты комиссиясы жұмыс істейді. Комиссия жұмысы тұрақты түрде еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру, еңбекақыны уақтылы төлеуді, еңбек саласындағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге жол ашты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпорындардағы еңбек дауларының саны қысқарды. Еңбек дауларын шешу мақсатында әр жұмыс беруші өз тарапынан келісім комиссиясын құруға міндетті.
2020 жылдан бастап ақпараттық жүйелердің деректері негізінде проактивті режимде жалақы бойынша берешекті анықтау алгоритмі әзірленді. Бұл туралы Үкімет басшысы еңбек шарттарын электронды форматқа толық көшіру қажет екенін атап өтті. Бұл азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын жедел әрі объективті бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 1982 кәсіпорын еңбек шарттарын электрондық форматқа көшкен. Оған қоса, жұмысшылар арасында еңбекақы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табуда, ZOOM желісі арқылы 120-дан аса мекеме басшылары, бухгалтердер және персоналмен қызмет жасайтын қызметкерлер арасында жұмыскерлердің еңбекақыларын уақтылы төлеу міндеттелгенімен, әлі күнге дейін еңбекақыны кешіктіріп беру фактілері орын алуда. Мысалы, мемлекеттік мекемелер мен кейбір кәсіпорындарға тоқталатын болсақ:
12.07.2021 жылы сағат 08.30-да "Атырау жылу желілері" АҚ-ның қызметкерлері 70-ке жуық адам мекеме аумағына жиналып, мәжбүрлеп вакцинациялауға қатысты наразылықтарын білдірді, сондай-ақ қызметкердің есебінен апта сайынғы ПТР тестілеуді өткізуді ескере отырып, жалақыны көтеруді талап етті.
Жұмыскерлерге Директорлар кеңесінің төрағасы О.Каршагенов және бірінші вице-президент А.Темірғалиев түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін, жағдай тұрақталды.
13.07.2021 жылы сағат 11.00-де «Атырауинжсирой-АИС» ЖШС «Үміт» филиалының 33 жұмысшысы жалақыны уақытында төленбеуіне, жалақыны көтеруге байланысты наразылық білдірді.
Жұмысшылардың арызы негізінде 01.07.2021 жылы Басқарма «Атырауинжсирой-АИС» ЖШС «Үміт» филиалына жоспардан тексеріс жұмыстарын жүргізіліп, нәтижесінде мекемеге 3 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынып, тиісті нұсқама берілді. Нұсқаманы орындау шегінде жұмысшылардың 2,7 млн теңге еңбекақылары төленді.
Осы ретте айта кететін жағдай, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтату туралы жарғысы шыққан болатын.
Алайда, ол жұмыс берушілердің еңбек заңнамасының бұзушылығына жол беруіне емес, Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті, оның ішінде микрокәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды жақсарту мақсатында шығарылған. Сондықтан да, еңбекақы төлемеу фактілері шағын және микрокәсіпкерлер арасында да анықталып отыр. Ол туралы Басқарманың әлеуметтік желісі арқылы, «1302», «87719927263» (ватсап) сенім телефондары арқылы кеңестер беріліп, арнайы «СҰРАҚ-ЖАУАП» айдарында жарияланып отыр.
Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы К.Имангалиев