Меню

Страницы

Статья

Жұмыскерлерді вакцинациялаудың кейбір мәселелері

COVID-19 короновирустық инфекцияның алдын алу мақсатында санитарлық қауіпсіздік саласында уәкілетті органмен еңбек жағдайларынап қатысты кейбір өзгерістер енгізілді, осы жағдайда тұрғындар арасында кейбір сұрақтар туындап, сол сұрақтарға жауап бергелі отырмын.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қандай жағдайда шектеулер енгізе алады және қай сипатта?

Қазақстан Республикасының аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың әкеліну және (немесе) таралу қаупі төнген жағдайда денсаулық сақтау жүйесі және денсаулық сақтау туралы Кодекстің 104-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері (бұдан әрі – ҚР ММЖТ) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде немесе кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет пен халықтың өмірінің ерекше шарттарымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді.

Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин ҚР ММЖТ немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ММЖТ қаулысымен (көлікте), сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың ведомстволық объектілерінде ММЖТ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің шешімімен енгізіледі (жойылады).  ММЖТ қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға (таратылуға) және міндетті түрде орындалуға тиіс.

№ 67 ММЖС қаулысының 6-1-тармағына сәйкес облыстардың, Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар:

1) қаулыда көрсетілген ұйымдардың/объектілердің Сovid-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуін шектеу.

2) Осы қаулының 6-1-тармағының 1 тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет).

Осыған байланысты, енгізілген шектеулерге байланысты жұмыс берушінің жұмыскерге қатысты қандай құқықтары туындауы мүмкін?

a) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерге қашықтықтан жұмыс нысанына көшуді ұсыну (мұндай мүмкіндік болған жағдайда);

б) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48 - бабының 1-тармағына сәйкес қашықтықтан жұмыс істеуден бас тартқан не жұмысты орындау мүмкіндігі болмаған кезде жалақысы сақталмай шеттетілсін. Бұл ретте, жұмыс беруші уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау үшін басқа қызметкерді қабылдауға құқылы болады.

c) жұмысты қашықтықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда және қызметкер жұмысты күндізгі режимде жүзеге асыруға тілек білдірсе, қызметкер өз есебінен міндетті ПТР-тестілеуден (7 күнде 1 рет) өтуі қажет. Сонымен бірге, тараптардың келісімі бойынша міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы

басшысының орынбасары Әбеуов Думан Алиасқарұлы

Дата публикации
21 сентября 2021
Дата обновления
21 сентября 2021
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
03 октября 2026
Еңбек құқығы – Конституция кепілдік берген құндылық
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы