Меню

Страницы

Статья

Еңбек шарттарын бірыңғай жүйеге тіркеу еңбек заңнамасымен міндеттелген..

Мемлекеттік «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы негізінде  әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру мақсатында, еңбек шарттарын, жұмыскерлердің еңбек қызметі мен санын есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе іске қосылып Еңбек кодексінің (бұдан әрі Кодекс) еңбек шартына қатысты бірқатар бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 4 мамырындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық атілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №321-VI Заңымен төмендегідей толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, 2020 жылғы 16 мамырда заң күшіне енді.

Атап айтқанда, Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар туралы 1 бабы бұрын мүлде болмаған 35-1 тармағымен толықтырылып  еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне түсінік берілген.

Сонымен қатар, осы Кодекстің жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері жөніндегі 23 баптың 1 тармағы 13 тармақшамен, яғни «еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен үміткерлердің (олардың алдын ала келісімімен) және жұмыскерлердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға құқығы бар» - деген мәтінмен толықтырылды.

Сондай-ақ, Кодекстің 23 бабының 2 тармағының 27 тармақшасымен «еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу» - міндеттелген.

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізудің маңыздылығына тоқталсақ, жұмыс беруші жұмысқа үміткер адамның бұған дейін қайда, қанша жыл және қандай мамандық бойынша жұмыс істегені туралы толық ақпарат алуға  құқылы.

Еңбек шартындағы мына мәліметтер: «қызметкердің ЖСН; аты-жөні; шарттың нөмірі, мерзімі, жасалған күні және қолданылу күні; қызметкердің лауазымы; жұмысты орындау орны; жұмыс уақытының режимі; әскери міндеттілігі; іскерліктер мен дағдылары туралы деректер» еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізіледі.

Жоғарыда аталғандардан басқа жұмыскерлерге қатысты мәлімет еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мүлдем енгізілмейді.

Сонымен қатар, Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  2020 жылғы 3 қыркүйекте №353 бұйрығымен бекітілген «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу»  қағидасы жұмыс барысында қолданылуда.

Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының бастамасымен «еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жедел тіркеуді ұйымдастыру» жұмыстарын жүргізу мақсатында қала, аудандардың әкімшілігінің басшылары, кәсіпкерлік палатаның өкілдерімен  «WhatsApp» желісі арқылы  құрылған топ  жүйелі түрде жұмыстар жүргізуде.

Бірлесе атқарылған жұмыстардың нәтижесімен бүгінгі күнге облыс бойынша 4703 мекеме «еnbek.kz» порталына  қосылып  235 478 еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеген.

Атырау облысы өңірінде орналасқан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысшыларының  еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жедел тіркелуін ұйымдастырулары қажет.

Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы өз тарапынан еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеу  бағытында кәсіпорындар мен ұйымдардың кадр бөлімі қызметкерлеріне тәжірибелік көмек көрсетіп, кеңес беруде.

 Убигалиева С.Ж. -Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекторы

Дата публикации
02 августа 2021
Дата обновления
02 августа 2021
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
03 октября 2026
Еңбек құқығы – Конституция кепілдік берген құндылық
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы