Еңбек адамының өмірі мен денсаулығын сақтаудың, сондай-ақ ол үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің басымдығы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының аса маңызды қағидаттарының бірі болып табылады.
Бұл маңызды қағида қалай жүзеге асырылады?
Мысал ретінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің бірнеше маңызды нормаларын келтірейін:
-жұмыс беруші жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге, жұмыскерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыскерге зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге, сондай-ақ жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстарды жүргізуге міндетті .;
- қызметкердің тікелей басшысына немесе жұмыс берушінің өкіліне хабарлай отырып, еңбек жағдайларының жай-күйі және еңбекті қорғау туралы толық және дұрыс ақпарат алуға, өзінің денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін ахуал туындаған кезде жұмысты орындаудан бас тартуға, сондай-ақ Еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге құқығы бар;
- он сегіз жасқа толмаған азаматтармен, жүкті әйелдерге ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайы бойынша қайшы келетін жұмысты орындауға еңбек шартын жасасуға жол берілмейді;
- Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақатқа, кәсіптік ауруға немесе денсаулықтың өзге де зақымдануына немесе денсаулықтың өндіріспен байланысты емес өзге де зақымдануына байланысты медициналық қорытынды негізінде жұмыс беруші еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге не кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылуы белгіленгенге дейін жұмыскерді неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға не еңбек, ұжымдық шарттарда айтылған жағдайларда оны жұмыстан босатуға міндетті;
- жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орташа жалақысын сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті;
- вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, он екі және одан да көп апта жүктілік мерзіміндегі жүкті әйелдер, бірінші топтағы мүгедектер медициналық қорытындыны ұсынған күннен бастап жіберілмейді. Өзге жұмыскерлер, егер медициналық
қорытындылар негізінде оларға мұндай жұмыстар қарсы көрсетілмесе, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы мүмкін.
- өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айырылған жұмыскердің жұмыс орны еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады;
Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттаудан өткізу көзделген.