Меню

Страницы

Статья

Қызметкерлердің жағдайын жақсарту және еңбек саласындағы кемсітушілікті болдырмау.

Еңбек Кодексінің 23-бабының 2-тармағына жаңа 28) тармақшаны қосу арқылы енгізілген жұмыс берушінің қандай да бір кемсітусіз жұмыскерлерге тең еңбек ақысын, сондай-ақ тең өндірістік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз етудің жаңа міндеттерінен бастайық. Егер еңбекақы төлеу мәселелерінде кемсітушілікке жол бермеу бұрын да болған болса (жай ғана қызметкердің құқығында көрсетілген), ал өндірістік-тұрмыстық жағдайлар мәселелерінде кемсітушілікке жол бермеу, бұл біз қарастырып отырған заңның жаңашылдығы.

Еңбек кодексінің 1-бабының 1-тармағына мынадай мазмұндағы жаңа 66-1) тармақшаны енгізу арқылы өндірістік-тұрмыстық жағдайлар туралы келесідей түсінік берді:

«66-1) өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар – жұмыскердің жұмыс орнында, оның iшiнде вахталық жұмыс әдісі кезінде болуы үшін қажетті, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тынығу және тамақтану үшін жағдайлармен қамтамасыз етуді қамтитын еңбек жағдайлары».

Заңның 4-бабының 1 – тармақшасына сәйкес, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ (бұдан әрі – «ӘҚБтК») ҚР-сы Кодексінің 90-бабының бірінші бөлігінің бірінші абзацы «сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдай жасалу» деген сөздермен толықтырылды.

Осылайша, ӘҚБтК-нің 90-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, жұмыс берушінің еңбек саласында қызметкердің бірдей еңбегі үшін бірдей ақы алу, сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдайлар жасау құқығын бұзудан көрінетін кемсітушілікке жол беруі,

– лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Заңның тағы бір жаңашылығы бұрынғы Еңбек кодексінде көзделген қызметкердің еңбек шартын бұзу туралы жазған өтінішін өз бетінше қайтарып ала алатындығы туралы нормасын қайтару болды. Бұл Еңбек кодексінің 56-бабы 4-тармағының жаңа редакциясында көрсетілген.

Еңбек кодексінің 53-бабының 7-2-тармағына сәйкес, осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу қызметкердің кінәлі әрекеттер немесе әрекетсіздік жасағанын растайтын негіздемелер көрсетіле отырып, ішкі тергеу актісімен расталуға тиіс. Ішкі тергеу тәртібі жұмыс берушінің актісінде белгіленеді.

Енді тергеу тәртібін ішкі актімен бекіту керек, содан кейін қызметкердің кінәлі әрекеттерін растау үшін ішкі тергеу жүргізу керек, оның нәтижелері актімен ресімделуі керек.

Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскермен еңбек шарты ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін, сондай-ақ өзінің қызмет бабын өзі немесе басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де пайда алу үшін жұмыс берушінің мүдделеріне қарамастан өз мүддесінде немесе үшінші тұлға мүддесінде пайдаланатын жұмыскер кінәлі әрекеттер жасаған немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса бұзылуы мүмкін.

Еңбек кодексінің 159-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын дауларды қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды.

Заң шығарушы мұндай міндетті Еңбек Кодексінің 23-бабының 2-тармағында жаңа 26) тармақшаны енгізу арқылы да бекітті, оған сәйкес жұмыс беруші осы Кодексте белгіленген тәртіппен келісім комиссиясын құруға міндетті.

                                                                                                             Атырау облысының мемлекеттік                                                                                                                    еңбек инспекторы Қарабеков А.Қ.

Дата публикации
15 марта 2021
Дата обновления
15 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
03 октября 2026
Еңбек құқығы – Конституция кепілдік берген құндылық
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы