2020 жылдың басынан бері Атырау облысында түрлі компаниялар мен ұйымдарда 18 жазатайым оқиға орын алды. Мұндай жағдайларда міндетті сақтандыру төлемдері қарастырылған.
Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ақпараты бойынша, сол жылы өндірісте бірқатар жазатайым оқиғалар тіркелген. Атап айтқанда, "Ариадна" ЖШС-де болат конструкцияларды монтаждаушы жер үйіндісіне металл құбырларды орнату кезінде ауыр жарақат алды. Кінә дәрежесін анықтау кезінде жұмыс берушінің кінәсі 80 пайызды, ал жәбірленушінің кінәсінің деңгейі 20 пайызды құрайтыны белгілі болды.
"Қазпочта" АҚ-да жұмыс орнында ГОПС-8 операторына посылкаларды қабылдау және беру үшін бейімделген терезе құлады. Адам басынан ауыр жарақат алды. Бұл жағдайда жұмыс беруші кінәлі.
"Бекет Сәт Жол" ЖШС-де басынан жарақат алған жұмысшы қаза тапты. Бұл жазатайым жағдайда жұмыс берушінің кінәсінің деңгейі 60 пайызды құрады. Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Сырым Джабасов Қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 182-бабы негізінде жүзеге асыратынын түсіндірді.
- Қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру-жұмыс берушінің міндеттерінің бірі, қызметкерлерді кәсіби тәуекелдерден әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі, ол зардап шеккендерге сақтандыру төлемдерін кепілдендіреді
қайғылы жағдай орын алды, - деді Сырым Жабасов. - Өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандырудың негізгі мақсаты тиісті органдар мүгедектік немесе еңбекке жарамсыздық белгілеген жағдайда қызметкерлер мен олардың отбасыларына белгілі бір табыс деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін 5-29% — дан белгілеуге байланысты зиянды өтеуді жұмыс беруші жүзеге асырады. Егер белгіленген дәреженің мөлшері 30-100% - ды құраса, онда осы сақтандыру төлемін сақтандыру компаниясы жүзеге асырады.
Жазатайым оқиға нәтижесінде қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылуы және өндірісте қайтыс болуы кезінде сақтандырушы оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты сақтандыру төлемін Шартқа сәйкес белгілеу не ұзарту мерзіміне тең, бірақ қызметкердің зейнеткерлік жасқа жету мерзімінен аспайтын мерзім ішінде төлемдер түрінде жүзеге асырады. Сондай-ақ кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған кезде сақтандырушы осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде қызметкер денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеуді жүзеге асырады.
- Қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштердегі мынадай мөлшерлерден аспауға тиіс. Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі отыздан елу тоғыз пайызды қоса алғанға дейін белгіленген кезде – 500 АЕК, алпыстан сексен тоғыз пайызды қоса алғанға дейін – 750 АЕК, тоқсан пайыздан жүз пайызды қоса алғанға дейін – 1000 АЕК, – деп хабарлады С.Джабасов. - Қызметкер ҚР заңнамалық нормаларына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлғалардың пайдасына қайтыс болған жағдайда, жазатайым оқиға басталған кезде қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылады. Сондай-ақ орын алған жазатайым оқиға салдарынан денсаулығының нашарлауы себебі бойынша ҚР Азаматтық кодексінде белгіленген мерзім ішінде төлемдер түрінде өтемақы жүзеге асырылады. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға сақтандыру компаниясы жерлеуге жұмсалған шығыстарды 100 АЕК мөлшерінде өтейді.