Меню

Страницы

Статья

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайына аттестациялау дегеніміз не және ол жүргізілуі керек пе?

Аттестаттау әр қызметкердің пайдасына жұмыс берушінің негізгі міндеттемелерінің бірі. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182 бабы 2) тармағы 13) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерi туралы мәліметтерді бiр ай мерзiмде жазбаша немесе еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйе арқылы беруге міндетті.

Өндірісте жұмыс атқаратын кез-келген азамат жұмыс орнының қолайлы жағдайда болуына құқылы. Сондықтан әр жұмыс беруші жұмысқа қабылдау және еңбек міндеттерін орындау кезінде қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауы керек.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – өндірістік объектілерде (цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған, өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерінде) орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет. Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы N1057 бұйрығымен белгіленген тәртіппен барлық өндірістік кәсіпорындар үшін, әр жұмыс орнына тиісті аттестациялау міндетті болып табылады.

Аттесататтау жұмысшылардың кәсіби қасиеттерін және жұмыстағы жетістігін бағалауға байланысты емес. Бұл ретте еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек жағдайлары тексеріліп, өндірістік нысандағы белгілі бір жұмыс орнында адам денсаулығына зиянды немесе қауіпті факторларды анықтау үшін жасалады.

Жұмыс ортасының жай-күйін аттестаттау кезінде жұмыс берушіге қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, мысалы, қызметкерге тиісілі уақытта жұмыс істеуге міндеттілігі, оның кәсіптік ауруға шалдықпас үшін белгілі бір жеке қорғаныс құралдарына құқылы екендігі және т.б. болып табылады. Әрине, мұның бәрі жұмысшының өмірінің саулығын сақтау үшін жасалады, ал жұмыс беруші қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмысшыда кәсіптік ауру туындаған жағдайда ол үшін жауапкершілікте болатынын білуі керек. Сондай-ақ, ол жұмысшыға жоғалтқан табысы үшін тиісті төлемдер жүргізеді.

Атырау облысындағы кәсіпорындарда санитарлық-гигиеналық талаптарды қоса алғанда, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсартуды қажет ететін, жұмыс орындар бар. Облыс аумағындағы жұмыс берушілердің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 137 өндіріс орнында аттестаттау жүргізілген.

Алайда жүргізілген аттестаттауларға қарамастан, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың саны жылдан-жылға айтарлықтай төмендемеуде, жеке кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек заңнамасы талаптарының сақталмауы фактілері бар. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында 192 еңбек заңнамасын бұзылуы анықталып, соның ішінде 14-і еңбек қорғау және қауіпсіздік саласында.

Аттестаттаудың маңыздылығы өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың ескертілуі мен олардың алдын алу.

Ұйымдар мен кәсіпорындардағы еңбек жағдайларына өндірістік объектілерді аттестаттаудың өзектілігін қолдайтын бірнеше қараулар бар.

Қазіргі уақытта жұмыс орындарын аттестаттау - бұл Қазақстан Республикасында ауыр еңбек, еңбек жағдайының қауіпті және зиянды жағдайларына кепілдіктерді, жалақының өсуі, қосымша ақы төленетін демалыс, қысқартылған жұмыс уақытының кепілдіктерін беретін жалғыз тетік болып табылады (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 69, 89, 105-баптары).

Жоғарыда аталған кепілдіктер беру жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерімен расталған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығына сәйкес, Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес жүзеге асырылады.

Егер жұмыс беруші еңбек жағдайларына аттестаттау жүргізбесе, сондай-ақ аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындарына кепілдіктер Тізімге сәйкес толық көлемде беріледі.

Аттестаттау - кепілдіктерді берудің тізімдік тәсілінен өндірістік орта мен еңбек процесінің зиянды және қауіпті факторларының қызметкердің ағзасына нақты әсерін ескеретін тәсілге көшудің негізгі аргументі болуы керек. Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес, жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларына, тынығуына және денсаулығын сақтауына конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету бойынша дәл осы кепілдік болып табылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының ережелерін, халықаралық стандарттар мен Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын назарға ала отырып, кәсіби тәуекелдерді бағалауға кезең-кезеңімен көше отырып, өндірістік объектілердің сапасын жақсарту және еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау рөлін арттыру қажет.

Бұл ретте бағалау жұмыс берушінің және кәсіподақтардың пікірінен тәуелсіз – тең болуы тиіс, сондай – ақ кәсіби аттестаттаумен өз құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген, уәкілетті органның интернет - ресурсында орналастырылған құрамында сынақ зертханалары бар мамандандырылған ұйымдар айналысуға тиіс.

Аттестаттау зиянды факторларды анықтау және сипаттау ғана емес, бұл қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшыларға өтемақы белгілеудің нәтижесі. Сондай-ақ, аттестаттау ұйымы тапсырыс берушіге кәсіпорындағы еңбек жағдайын жақсартуға арналған және алдын-алу шараларының жоспарын ұсынады. Аттестаттау нәтижелерінің негізінде міндетті медициналық тексеруге жататын қызметкерлердің тізімдері де дайындалады.

Аттестаттау әр жұмыс орнының нақты жағдайын анықтаудың тиімді құралы болуы керек, жұмыс беруші мен жұмыскерге де ықтимал қауіптер мен олардың алдын-алу шаралары туралы ақпарат беруі керек. Жұмыс орындарын аттестаттаудың объективті нәтижелері негізінде, бір жағынан, белгілі бір жұмыс орнындағы нақты жұмысшыға зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін кепілдіктер белгілеу туралы әділ шешімдер қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша жұмыс орындарына аттестаттау жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзу әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын атап өту қажет.

 

 

 

Атырау облысының

Мемлекеттік еңбек инспекторы

М.Е. Байменов

Дата публикации
10 ноября 2020
Дата обновления
10 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
03 октября 2026
Еңбек құқығы – Конституция кепілдік берген құндылық
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы