Қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан (бұдан әрі – ЖОМС) міндетті сақтандыру Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 182-бабы негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру жұмыс берушінің міндеттерінің бірі, жұмыскерлерді кәсіптік тәуекелдерден әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі болып табылады, ол жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккендерге Сақтандыру төлемдеріне кепілдік береді, сондай-ақ жазатайым оқиға нәтижесінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген, оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге не оның өліміне әкеп соғатын жұмыскердің мүліктік мүддесі болып табылады.
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандырудың негізгі мақсаты тиісті органдар мүгедектік немесе еңбекке жарамсыздық белгілеген жағдайда қызметкерлер мен олардың отбасыларына белгілі бір табыс деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін 5-29% - дан белгілеуге байланысты зиянды өтеуді жұмыс беруші жүзеге асырады. Егер белгіленген дәреженің мөлшері 30-100% - ды құраса, онда осы сақтандыру төлемін сақтандыру компаниясы жүзеге асырады.
Жазатайым оқиға нәтижесінде қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылуы және өндірісте қайтыс болуы кезінде сақтандырушы жүзеге асыратын төлемдер.
Сақтандырушы кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған кезде қызметкерге шартқа сәйкес қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін (ЕҚАД) белгілеуге байланысты төлемдер түрінде қызметкердің ЕҚАД белгілеу не ұзарту мерзіміне тең, бірақ қызметкердің зейнеткерлік жасқа жету мерзімінен аспайтын мерзім ішінде сақтандыру төлемі жүзеге асырылады. Сондай-ақ кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған кезде сақтандырушы осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде қызметкер денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеуді жүзеге асырады. Қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштердегі (АЕК) мынадай мөлшерлерден аспауға тиіс:
* ЕҚАД отыздан елу тоғыз пайызды қоса алғанға дейін белгіленген кезде – 500 АЕК;
* ЕҚАД алпыстан сексен тоғызға дейін қоса алғанда белгіленген кезде – 750 АЕК;
* ЕҚАД тоқсаннан жүз пайызды қоса алғанға дейін белгіленген кезде – 1000 АЕК.
Қызметкер қайтыс болған жағдайда ҚР заңнамалық нормаларына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлғалардың пайдасына сақтандыру төлемі жүзеге асырылады, сондай-ақ денсаулығының нашарлауы салдарынан орын алған жазатайым оқиға бойыншау сақтандыру төлемі аннуитеттік түрде ҚР Азаматтық кодексінде белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырылады. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға сақтандыру компаниясы жерлеуге жұмсалған шығыстарды 100 АЕК мөлшерінде өтейді. Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы- С.Джабасов