Меню

Страницы

Статья

Еңбек құқығы – Конституция кепілдік берген құндылық

Еңбек ету – әр адамның күнкөріс көзі ғана емес, оның заңмен қорғалатын негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Конституциясының 24-бабында әр адамның еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар екені бекітілген. Ал осы құқықтың нақты орындалуын қамтамасыз ету – еңбек саласындағы мемлекеттік бақылаудың маңызды міндеті.

Осы бағыттағы жұмыстың жай-күйін талқылау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Комитет басшысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұжымымен кездесіп, өңірдегі еңбек қатынастарының ахуалымен танысты.

Кездесуде еңбек заңнамасының сақталуы, азаматтардың еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері сөз болды. М.Ахметов қызметкерлермен әңгімелесіп, олардың жұмыс барысында кездесетін мәселелерін де тыңдады.

Еңбек қатынастарында туындайтын кез келген дау, ең алдымен, адамның құқығына әсер етеді. Сондықтан еңбек инспекциясының жұмысы тек заң бұзушылықты анықтап, шара қолданумен шектелмеуі керек. Азаматтың мәселесін уақытында тыңдап, заң аясында шешімін табуына ықпал ету де осы қызметтің маңызды бөлігі.

Комитет төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың талап-тілегіне құлақ асатын мемлекет қағидатын орнықтыру жөніндегі тапсырмаларына тоқталды. Бұл ретте мемлекеттік органның азаматпен байланысы қағаз жүзіндегі жауаппен емес, нақты нәтижемен өлшенуі тиіс екенін атап өтті.

Осыған байланысты департамент қызметкерлеріне азаматтардың өтініштерін қарауға жауапкершілікпен қарап, кері байланысты күшейту тапсырылды. Сонымен бірге еңбек дауларының алдын алу, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы қатынастарды заң талаптарына сай жүргізу, еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау мәселелеріне басымдық берілді.

Жұмыс сапары барысында кадрлық өзгерістер де назардан тыс қалмады. Департаменттің бұрынғы басшысы И.Әубәкіровке Атырау облысының еңбек инспекциясы саласында атқарған жұмысы үшін алғыс айтылып, оның Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысы қызметіне тағайындалуына байланысты жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

Ал департаменттің жаңа басшысы Кемел Иманғалиевке қызметіне табыс тілеп, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және инспекция жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде міндеттер қойды.

Кездесу соңында Еңбек күніне орай салада нәтижелі қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге Алғыс хаттар табысталды. Олардың қатарында Еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Ж.Ермеккалиева, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы С.Төлегенов және Талдау бөлімінің бас маманы А.Ахатова бар.

Майра ЕРҒАЛИ

Дата публикации
03 октября 2026
Дата обновления
03 октября 2026
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
03 октября 2026
Еңбек құқығы – Конституция кепілдік берген құндылық
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы